LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 7:27 AM +06, Sep 22, 2017

Павлодар қаласында «Балаларға күлкі сыйлайық» атты акция жариялаған болатын

«Павлодар қаласының № 4 сәбилер бақшасы» МҚКК 2017 жылы 28 маусымда «Балаларға күлкі сыйлайық» атты акция жариялаған болатын. 

Акцияға балабақша қызметкерлері мен бірге көптеген ата-аналар да қатысты. Балалар өздерінің ата-аналарымен бірігіп, ойыншықтар мен кеңсе тауарларын сыйлады. Онда, дамытпалы ойыншықтар, машиналар, қуыршақтар, су мен құмда ойнайтын ойыншықтар және қарындаштар мен сурет салу альбомдары, бояғыштар бар. Сонымен қатар, аналарға арналған киімдер де жиналды.

Осы жиналған ойыншықтар 2017 ж. 05 шілде күні «Тұрақты баспанасы жоқ балалары бар әйелдерді әлеуметтік психологиялық сауықтыру және бейімдеу Павлодар қалалық орталығы» уақытша тәрбиеленушілеріне сыйға тарылды.                   

           Бүгінгі күні осы орталықта 15 бала аналарымен тұрып жатыр. Әр қайсының тағдыры әр қалай. Дегенмен, бір сәт осы бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау басты мақсат болатын. Сол мақсатты орындауға ат салысқан балабақша қызметкерлері мен ата-аналарына осы Орталық басшылығы Стрелкова Марина Владимировна, аналар мен балалар атынан алғысын білдірді. Ал, балабақша басшысы Айнагүл Нығанқызы Нұрпейісова, әр балаға денсаулық, бақытты балалық шақ тілеп, ойыншықтарды балаларға таратты.