LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 5:41 AM +06, Nov 24, 2017

Тоғысу мен араласу

Кіріктірілу – бұл бір оқу материалдарының басқа саладағы жалпы білімдерімен тоғысуы және араласуы.


Осыған орай, қазіргі таңда озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды заман талабына сай қолданып, жоғары мәдениетті білімді және білікті тұлғаны қалыптастыру маңызды. Кіріктірілген сабақты жүзеге асыру – сабақтың құрылымының нақтылығы, үйлесімділігі және оқу материалының ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді. Сабақ барысында оқушы заттар мен құбылыстарды, ондағы кездесетін үрдістердің белгілі заңдылықпен болатынын басқа саламен байланыстырып көптеген мағлұмат алады.


Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Педагогикалық тәжірибемізде пәнаралық байланыстарды кіріктірілген ашық сабақтарға, сыныптан тыс жұмыстарға оқушыларды қатыстыру арқылы жүзеге асырып отырамыз. Мысалы, физика мен биология пәндерін байланыстырып оқытудың аса тиімді екендігі – олардың бірін-бірі толықтыруымен түсіндіріледі. Осы тұрғыдан алғанда, екі пәннің байланысын тереңдете зерттеу қазіргі білім берудің негізгі мәселелерінің тізіміне жатады. Физика мен биология арасындағы пәнаралық байланысты жүргізудің әдіс-тәсілдерін оқыту үдерісінде жүйелі түрде пайдаланып, үнемі дамытып отыру қажет. Төменде, осы екі пән арасындағы байланыстарды жүзеге асырудың кейбір мәселелеріне тоқталып өтейік.


Физика және биология пәндерінен 8-сыныпқа «Ультракүлгін сәулесін медицинада қолдану» тақырыбында сабақ жоспарын бірге әзірлеп, кіріктірілген сабақ өткіздік. Жоспарлау кезінде тақырыпты кеңінен ашу мақсатында сабақты кезеңдерге бөліп, қолданылатын әдістерді және мұғалімнің іс-әрекетін айқындап алдық. Сабақтың бастапқы кезеңінде оқушыларға тақырыпты ашу мақсатында «Мағынаны ашуда» оқушыларға бейнеролик көрсетілді. Тақтадағы күн сәулесі бейнеленген түстерді таңдау арқылы оқушылар жұпқа бөлінді. Жұптарға «Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырып бойынша термин сөздер беріліп, өзара термин сөздердің анықтамасын айқындап алды, содан кейін басқа жұптармен диалогты оқыту әдісі бойынша ақпарат алмасты. Оқушылар бір-бірімен ақпарат алмасып болған соң, мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатты.


Сабақ барысында меңгерген білімдері арқылы оқу мақсатына жету үшін «Күн сәулесінің адам ағзасына әсері» тақырыбына эссе жазды. Оқушылар эсседе нақты критерийлер бойынша «ағза», «қыздыру», «иондану» терминдерін қолданды. Ультракүлгін сәулелердің физикалық диапозонын біле отырып, оның адам ағзасына әсерін сипаттап және де қазіргі таңда ультракүлгін, күн сәулелерін медицинада қолданылуын айқындап көрсетті. Оқушылар бүгінгі сабақтың физика пәніне ғана емес, биология пәнінің қажеттілігін түсінді. Сабақ соңында оқушылар жетістік критерийлері бойынша бағаланды. Физикамен биологияның кіріктіріліп өткізілген сабақ арқылы оқушы пәнаралық байланысты меңгере отырып, сабақтың мақсатына жетті.

Н.АЛДИГУЛОВА,
физика пәні мұғалімі
А.АМАНГЕЛЬДИЕВА,
биология пәні мұғалімі
Атырау қаласы ХББ НЗМ

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.