LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 6:03 AM +06, Jul 21, 2017

Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар талқыланды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың 22-23 желтоқсанында «Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар: Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі» атты ІІІ республикалық форум өткізілді. Форумның мақсаты – мемлекеттік тілді дамыту және үш тілде білім беруді жүзеге асыру мақсатында іс-тәжірибемен бөлісу.
         Аталған форумға еліміздің әр аймағынан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері шақырылды және халықаралық сарапшы, Кембридж университетінің кеңесшісі Тауфик Черкауи қатысты. Атап айтқанда, әр облыстан жалпы білім беру мектептері, базалық мектептер, пилоттық мектептер, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Білім және ғылым министрлігі өкілдері шақырылды. Форумға келген мұғалімдер саны 330 адам, ал іс-тәжірибемен бөлісуге келген НЗМ мұғалімдері саны 44 адамды құрады.
       Екі күнге жоспарланған Форум бағдарламасы пленарлық мәжіліс, секциялық отырыстар және шеберлік сағаттардан құралды. Баяндамалар мазмұны коммуникативтік тәсілді қолдану жолдары, тілдік дағдыларды дамыту тақырыбында жүргізілді. Форумға арнайы шақырылған қонақ Тауфик Черкауи пленарлық мәжілісте «Тілдегі грамматика және коммуникация» және «Бағалаудың дұрыстығы және сенімділігі» тақырыбында ойын ортаға салды. Ол өз баяндамасында коммуникативтік тәсілмен оқыту барысында грамматиканың рөлі және оны үйрету, бағалау жолдары туралы әлемдік тәжірибемен, зерттеулермен, өз тәжірибесімен бөлісті. Қазақ Гуманитарлық Заң университеті «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Еркінбаев Ұлан Оралұлы «Әдебиетті қалай оқытамыз» тақырыбында баяндама жасап, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Үсен А. Ә., М. В. Ломоносов ат. Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының профессоры, ф.ғ.д. Құрман Н. Ж. сөз сөйлеп, секция жұмыстарына белсене қатысты.
            Сонымен қатар «Болашақ» корпоративтік қорының голливудтық фильмдерді дубляждау жобасы жайында таныстырылым көрсетілді. Жобаны іске асырудың арқасында шетелдік киноның қазақ тіліндегі қоры жинақталып, фильмдер, ойын-сауық бағдарламалары, теледидар, онлайн порталдар аясында жалпы көпшіліктің қолданылуына ұсынылды. «Disney», «Marvel» және «Metro-Goldwyn-Mayer» атты голливудтық студиялардың фильмдерін дубляждау және прокаттау, дисктерді өткізу бойынша құқықтар туралыалдын ала келісімдер жүргізілгендігі айтылды.
         Форум секцияларында жаңартылған білім беру мазмұны негізінде қазақ тілін үйрету жолдары жан-жақты қарастырылды. Яғни қазақ тілін ана тілі ретінде меңгерту, қазақ тілін оқыту тілі қазақ тілі емес сыныптарда оқыту, тілдік емес пәндер арқылы және бастауыш сыныпта үйретудің әдіс-тәсілдері көрсетілді. Мысалы, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша НЗМ ұстаздары оқушының тілдік қорын байыту және тілді игертуде қолдау көрсету бағытында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, әдеби шығармаларды оқыту, көркем шығарманы талдау жолдары айтылды, шеберлік сыныптарда практикалық сабақтар көрсетілді.
            Қатысушылар форум мазмұны және ұйымдастырылуы туралы құнды пікірлер айта отырып, ұсыныстар қалдырды. Атап өтсек, Ақтөбе қаласының №9 мектеп ұстазы Аймаханова Н. М. «Жыл сайын, дәстүр жалғасып, форум ұйымдастырылып тұрса» десе, Атырау қаласы №17 мектеп-лицей мұғалімі Кабдулова Г. У.: «Форум өте жақсы деңгейде өтті. Осы форум арқылы өз жұмысымыздың нәтижелі болатынына көзіміз жете түсті», Астана қаласы №76 мектеп-лицей ұстазы Ташенова Ш. М.: «Форум жоғары деңгейде өтті. Барлық ақпарат өзекті, қажет, практиға негізделген» деген бірқатар ойлар айтылды.  
Ақсұлу Құлмағамбетова
        «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
 «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының аға менеджері

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.