LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 6:03 AM +06, Jul 21, 2017

Ағылшын тілін оқыту – болашақтың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру

«Холдинг Кәсіпқор» бейкоммерциялық акционерлік қоғамының бастауымен Холдингтің бірқатар штаттан тыс тренерлері Астана қаласында «Арнайы пәндерді ағылшын тілінде жүргізу мен оны енгізу әдістемесінің ерекшеліктері» атты біліктілікті арттыру курсынан өткен болатын. Шынына келгенде, атына қарап, ағылшын тілін үйренетін шығармыз деп барғанмын, бірақ бағдарламамен таныса келе, оқу барысында бұл курс мазмұнының және ағылшын тілін енгізудің ең дұрыс жолы алынғандығына көзіміз жетті. 
Алған білімімізді облысымызға келіп, Орал қаласының Индустриалды колледжінде ауыл-аймақтан, қала бойынша жиналған әріптестерімізге дәріптедік. Әртүрлі мамандық пен лауазымдағы әріптестеріміз өз бағыттары бойынша жұмыс жасап, ізденіп, бір-бірімен тәжірибе алмасты. Ағылшын тілін меңгеруге оқу жоспарын құру, сабақ жоспарын құру, дидактикалық материалдар пайдалану, оқушының өздік және топтық жұмысын ұйымдастыру, оқу-әдістемелік құралдар пайдалану сияқты түрлі тақырыптарда жұмыстанды. Әрине, түрлі оқу орнының оқытушыларының да білімдері әртүрлі. Өз пәндерін ағылшын тілінде оқутуды бастап кеткен оқытушылар мен қатар ағылшын тілін әлсіз білетін оқытушылар да болды. Бірақ бұл бағдарламаның әрқайсысына өз берері бар еді. 
Көптеген колледждер информатика пәнінен ағылшын тілі элементтерімен сабақ беруді бастап кетсе де, оларға да біздің курстың берері мол болды, себебі еш әдіссіз тек ағылшын тілін үйрету немесе сөз жаттатқызу әсіресе кәсіби мамандар үшін айтарлықтай олқы болар еді. Себебі терминологияны білуімен қатар, сөз тіркестер құрастыра білу, тілін дамыта білу, өз бетінше іздену, тіл мәдениетін қолдана алуы, тілді тек ағылшын тілі ретінде емес, өз кәсібінің тілі ретінде білу, үйрену, дамыту құзіреттілігін қалыптастыру қажет. Сондықтан да ағылшын тілін білетін оқытушылардың өзі сабақ жоспарын оқушылардың сабақтан-сабаққа және сабақ барысында тіл білімінің дамуына, ағылшын тілінде сөйлеу құзіреттілігін қалыптастыруына негізгі сабақтың мәнін жоғалтпай құрастыруды үйренді. Ағылшын тілін де белгілі бір мамандыққа қажетті білім мен құзыреттілікті жоспарлағандай жоспарлап, курстарға бөліп, әр сабақ сайын бір саты жоғары мақсатқа жету керектігі де салыстырмалы түрде көрсетілді. Бұл курста тек оқытушылар емес, оқу ісінің орынбасаларының қатысуы да жай емес болды, себебі ағылшын тілі де әр мамандыққа сай бағытта оқытылуы және барлық мамандыққа бір бағдарлама бола алмайтындығы тағы бар. Курс соңында оқытушылар алгоритм бойынша жан-жақты ойластырылған, ағылшын тілінде тақырыпты меңгеру және өз ойын айтуға жеткізетін бірнеше сабақ жоспарларын қорғады. 
Бағдарламаның мақсаты – мамандардың өз кәсібін ағылшын тілінде білуі! Сондықтан да ағылшын тілін біртіндеп енгізу арқылы, оқытушы өз тіл білімі мен құзыреттілігін де жоғарылата алады. Ал бұл дегеніміз еліміздің түкпір-түкпірінде ағылшын тілін жетік білмейтін оқытушыларымыз үшін де бүгіннен бастап сабағында пән мен тілді біріктіріп беруге мүмкіндік беретін бірден-бір әдіс деп білемін. Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білімге көп көңіл бөлініп, түрлі шет елдердің білім жүйесімен салыстырылып өз білім жүйеміздің құрастырылуы – болашақта орта білім иесі де қоғамның ең қажетті және беделді жұмыскері болатынына әкеледі деп сенемін.
А. АХМЕТОВА,
Орал газ, мұнай және салалық 
технологиялар колледжінің 
оқытушысы

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.