LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 10:45 AM +06, Sep 25, 2017

Балаларға патриоттық тәрбие берудің маңызы

Гүлсім САҚТАГАНОВА,
«Жас әлем» балабақшасының әдіскері
Меңдіқара ауданы Қостанай облысы
 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстандықтарды отаншылдық рухқа тәрбиелеу – білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі барлық ұйымдарда көкейтесті мәселе. Балаларды Отанын, туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, өте жауапты да қадірмеңді парызы», – деген болатын.
Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», – деген.
Сондықтан патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу. Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-
ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани-патриоттық сана-сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде, рухани патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған. Мектепке дейінгі кезең – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл кезеңде бала қоршаған ортаны таниды. Баланың ата-анасына, әжесіне, балабақша, достарына, яғни Отанына деген сүйіспеншілік сезімі қалыптаса бастайды. Осы кезеңде балаларды Отанын, туған өлкесін сүйе білуге, патриоттық сезімге тәрбиелей білудің маңызы өте зор. Балабақшада балаларды рухани-патриоттық сезімге тәрбиелеу мынадай негізгі міндеттері:
• Баланы отбасына, балабақшасына деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу;
• Табиғатты және қоршаған ортаны аялай білу сезімдерін қалыптастыру;
• Қазақ халқының салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына деген қызығушылықтарын ояту;
• Балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру(әнұран, ту, елтаңба);
• Өзге ұлт өкілдерін және олардың салт-дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.
Балабақшамызда балаларға патриоттық тәрбие беруде ортаңғы топтарда «Менің Отаным – Қазақстан!», «Тәуелсіз елім менің» ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде Отан, туған жер туралы тақпақтар, өлеңдер, еліміздің мемлекеттік рәміздерін айтқызу арқылы патриоттыққа тәрбиелеудеміз.
Отанын сүйе білетін, ата-анасын сыйлай білетін, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, елінің патриоты бола білетін жас ұрпақты тәрбиелеу әр мұғалімнің алдына қойған мақсаты деп білемін. Мен осы мақсат жолында аянбай тер төгіп жүргенім үшін өзімді бақытты сезінемін.

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.

Педагогическая мастерская