LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 11:10 AM +06, May 26, 2017

Мәңгілік Ел зияткерлері «Ашық есік» күнінде

Гүлнар Избамбетова, 
Атырау қаласындағы ХББ НЗМ
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
 
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.
«Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел», – деп Елбасы атап көрсеткен ұлы халқымыздың бақытты перзенттері Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бас қосты. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «ашық есік» күніне жиналған өңіріміздегі ғылым мен білімді мақсат тұтқан жас өрендеріміздің кездесуі «Мәңгілік Ел зияткері» патриоттық форумына ұласты. Ұлттық рухымызды биік ұстап, өз елінің патриоты болуға тәрбиелейтін жауапты шараның мақсаты да биік. Жас ерекшеліктеріне қарай жоспарланған іс-шаралардың балалар көңілінен шыққаны олардың балбұл жанған жүздерінен, шабытқа толы қимылдарынан, жылы лебіздерінен-ақ сезіліп тұрды.
Жоғары сынып оқушыларының 25 аппақ көлікпен Махамбет пен Исатай алаңына жол салған салтанатты шеруі қуанышпен қол бұлғап, жедел бейнебаянға түсіруге асыққан барша қала халқын тамсандырып, ауа-райының қолайсыздығын да ұмыттырғандай.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарын егжей-тегжейлі түсініп, ынтымақтасқан ортада түйген ойларын дүйім жұрт алдында қорғап шыққан әр шәкірт бойынан өз елінің болашағына жауапты нағыз патриоты болуды өн бойынан өткізген сезімі байқалды.
«STEM», «Робототехника», «Полиглот», «АРТ», «Актерлік шеберлік», «Қыш-құмыра жасау кәсібі», «Хореография» бағыттары бойынша интерактивті сабақтарға қатысқан 6-сынып оқушыларының қуанышында шек болмады. Жас жеткіншектер Елбасы мектебінің шәкірті болуға асығатындықтарын да жасырмай ортаға салды.
Мерекелі күннің ең басты қуанышы – Қазақстанның әлеуетін әлемге танытуға зор мүмкіндік беретін EXPO-2017 көрмесіне қатысу үшін зияткер шәкірттеріміздің өз замандастарына тартқан сыйы. Аудан мектептерінің 5 оқушысы Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрмеге қатысатын тегін Сертификатты иеленді. Оқушыларымыздың ата-аналарының қолдауымен ұйымдастырған жәрмеңкелері мен тәрбие шараларының нәтижесінде жиналған қаражат аудан мектептерінен келген достарымыз, атап айтсақ, Индер ауданы Көктем қазақ ОМ оқушысы Айымгүл Сайлауова, Жылыой ауданы №6 ОМ оқушысы Қызғалдақ Саденова, Жылыой ауданы М. Сатыбалдиев атындағы ОМ оқушысы Ақшүйініш Аманжолова, Махамбет ауданы Алмалы ОМ оқушысы Арухан Жұмаш, Қызылқоға ауданы Кенбай ОМ оқушысы Асылбек Таңбаев үшін үлкен тарту, тосын сый болды. Сертификат иелерін, ата-аналарын балаларының жемістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сертификат иесі Қызылқоға ауданы Кенбай ОМ оқушысы Асылбек Таңбаев Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа достарымен табысқан күнін өміріндегі ең бақытты, ең сәтті күндерінің бірі деп санай отырып, жоғары дәрежеде өткізілген шара мен өзіне берілген мүмкіндік үшін жас зияткер достарына, мектеп әкімшілігіне ризашылығын білдірсе, Махамбет ауданы Талдыкөл ОМ келген 6-сынып оқушысы Гүлзира Құсайынова, барлық үйірмелердің жұмысына қатты қызығушылықпен қатысқанын, соның ішінде актерлік шеберлік үйірмесінен ерекше әсер алғандығын және Елбасы мектебінің шәкірті болуды мақсат тұтқан бала арманын жеткізді. Тәуелсіз еліміздің әр перзенті тәтті бала армандарына сүрінбей жете берсін деп тілейміз! 
Балаларға арналған сауалнама барысында білімпаздығымен кем түспеген және аудан мектептерінен келген достары үшін шын қуана білген Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясы, Х. Досмұхамедов атындағы облыстық лицейі, Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, «Білім-инновация лицейі», Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы, №16 Ж. Қаражігітов атындағы мектеп-лицейі, №17 мектеп-лицейі, №31 мектеп-гимназиясы, №19 Қ. Сәтпаев атындағы және №6 орта мектептері оқушыларына алғысымыз шексіз!
Зайырлы қоғамымыздың жоғары руханиятының үлгісі болатын Мәңгілік Ел зияткерлерінің жүректен шыққан тартуы қоғам алдындағы үлкен істерінің бастауы деп сенеміз.
Барлық Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде осынау керемет тәрбие шарасының бір күнде, бір мезгілде өткізілуі, 20 мектеп атынан 100 оқушының ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне қатысу мүмкіншілігіне ие болуы – Елбасы мектептеріндегі жас зияткерлер бойына қайырымдылық қасиетін сіңірудің бір жолы. Және ол – әр шәкірттің өмірлік қағидасына айналуы шарт. 
Шараның жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқан барлық педагогтар мен сахна төрінде тәуелсіздік жолында тер төгіп, тарих тұңғиығынан орын алған Махамбет бабамызға арналған сахналық қойылымды нақышына келтіре орындаған талантты шәкірттерімізге, ұйымшылдық пен жауапкершілікті ту етіп ұстаған оқушылармызға, бүгінгі шараның болатынын сырттан естіп, балаларын қатыстыруға ұмтылған ата-аналарға, Елбасы мектебіне асыққан 6-сынып оқушыларына – бүгінгі шарадан әсерлі көңіл-күйлерімен бөліскен барша жамағатқа ризашылығымызды білдіре отырып, Мәңгілік Еліміздің аспаны бұлтсыз, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын деп тілейміз!

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.

Педагогическая мастерская

Цифровые ресурсы «Google» –  незаменимые помощники современного учителя

Цифровые ресурсы «Google» – незаменимые помощники современного учителя

Google – это крупнейшая транснациональная корпорация, предоставляющая пользователям всего мира десятки полезных интернет-сервисов и продуктов. Хотелось...