LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 6:03 AM +06, Jul 21, 2017

Түркі әлемі ғалымдары бас қосты

Қ. ҚҰЛЖАНОВ

Биыл ЮНЕСКО шешімімен Қожа Ахмет Яссауи жылы деп жарияланғандықтан, Түрік әлемінің ғалымдары мен қоғамдық ұйым өкілдері ойшыл, данышпан атамыздың өшпес ілімін кеңінен насихаттау үстінде. Солардың сапында 2016 жылдың желтоқсан айының басында Анталия қаласында (Түркия) Еуразиялық халықаралық білім беру кәсіподағы (ЕврАзПОПО) мен Түркия білім беру кәсіподағы (TurkEgitim-Sen) «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері» кәсіптік одағымен бірлесе педагогика және әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша Түрік әлемі Халықаралық конференциясын өткізген болатын.
Халықаралық конгреске Түркі әлемі ғалымдары мен кәсіподақ ұйымы белсенділерінен 900-ге жуық адам қатысып, барлығы 1080 баяндама түсті. Қазақстан Республикасы атынан да 20 баяндама жасалды. Алғашқы пленарлық мәжіліс Анталья қ. «Топкапи» қонақүйінің «Османлы Бало» атты үлкен залында өтті. Конгресті кіріспе сөзбен ашқан Түркия біріккен кәсіподақ ұйымының Бас хатшысы Исмаил Конжук әлемнің әр түкпірінен жиналған қонақтарға ризашылығын білдіріп, конференция жұмысына табыс тіледі. Мұнан әрі құттықтау сөзге Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы М.Т. Амантаева сөз сөйледі. Ол өз кезегінде Түркиядағы саяси және әлеуметтік қайшылықтарға қарамастан, осындай жиынды өткізіп отырғанына делегация атынан үлкен рахметін айта келіп былай деді:
– Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі тойын атап өтіп шақта осынау мінбеден алғаш рет біздің егеменді ел болған қуанышты сәтімізді құтықтаған ел бауырлас Түркия елі болды. Міне, содан бері екі ел арасында саяси-экономикалық және мәдени байланыс тұрақты орнады. Біздің елімізде тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясы жарияланды. Бұл – Қазақстан Республикасының ұлттық идеясын білдіретін түйін-тұжырым. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея дүние есігін ашты. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы. Оны барша қазақстандықтардың патриоттық ұраны десек еш қателеспейміз. Елбасымыздың «Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті» деген сөзі де бар.
Бұдан әрі пленарлық мәжілісте профессор Өзкүл Чобани, профессор Исман Якіт, профессор Надим Мажит, профессор Себаһат Денис, профессор Қылышбай Сүндетұлы (ҚР) сөз сөйледі. 
Келесі күндері секциялық бөлімдер бойынша Қожа Ахмет Ясауи, Абай Құнанбаев, Исмаил Бей Гаспаралы, Бақтияр Вахабзаде, Шыңғыс Айтматов, Мұстафа Кемаль Ата Түрік, Әмір Темір және доктор Неджад Кошан мәжілістерінің отырысы болды. Бұл мәжілістерде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Омар Темирбеков, осы оқу орнының Халықаралық қатынастар факультетінің PhD докторы Мирас Қосыбаев, «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасының редакторы Руслан Беген, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры Жанат Мукатаева, Атырау облыстық «Өрлеу» БАҰО АҚ басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Маржан Ғалымжанова мен 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің З. Қабдол атындағы ҒЗО жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Қылышбай Сүндетұлы баяндамалар жасады.
Түркі әлемі ғалымдарының басын қосқан халықаралық конгресс күн тәртібі бойынша тиісті қарар қабылдады. Бұл басқосу жиынға қатысушылар есінде мәңгілікке сақталатындай қатты әсер қалдырды.

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.