LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 11:10 AM +06, May 26, 2017

Егемендік құрдастары партия қатарына қабылданды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қасиетті қара шаңырақтағы егемендік құрдастарын партия қатарына қабылдау салтанатты жиыны өтті.
«Нұр Отан» партиясы Қыздар университеті жанындағы Алмалы аудандық «Ұлағат» бастауыш партия ұйымы 1991 жылы дүниеге келген, еліміздің, оқу орнымыздың дамуына өз үлестерін қосып, қызмет жасап жүрген үздік 18 қызметкерді партия қатарына қабылдап, мүшелік куәліктерді табыстады. Бұл құрметті рәсімді Назира Сәндібаева жүргізді. Ол ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен ректорымыздың, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының төрайымы Динар Нөкетаеваның атынан құттықтап, куәліктер мен алғыс хаттарды ие болған жастарға сенім білдіретінін айтып өтті.
Шара барысында партия мүшелігіне қабылданған жастар: «Біз, университетіміздің партия мүшелері, Елбасының салиқалы саясатын қолдай отырып, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесімізді қосып, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ете бермекпіз», – деді.
Ел егемендігін алған жылы, 16 желтоқсанда туған Жастар саясаты бөлімінің қызметкері Айнара Нұрғожаева: «Біз бақытты ұрпақпыз. Ата-бабамыз қаншама жыл аңсаған Тәуелсіздік күні дүниеге келдім. Екі есе бақыттымын. Ел дамуы мен гүлденуіне аянбай еңбек етіп, бәріміз біріге атсалыссақ, мәңгілік қазақ елін бірге жасай аламыз. Құрдастарыма тәуелсіздігімізді бағалайық, құндылығын түсінейік дегім келеді. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, еліміздің егемендігі баянды болсын! Көк байрағымыз мәңгіге желбірей бірсін!», – деді куәлік алу рәсімінде. Салтанатты шараға қатысқан оқытушылар жастарды «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылдануымен және айтулы мерекемен құттықтап, жүрекжарды ізгі тілектерін білдірді. «Ұлағат» бастауыш партия ұйымының бір жылдық жұмысының есебі беріліп, арнайы бейнеролик көрсетілді.
Қазіргі таңда университетте «Нұр Отан» партиясының 1250 мүшесі бар. Оның 180-ін ұстаздар қауымы, 870-ін студенттер, 51-ін зейнеткерлер құраса, қалған 15%-ын бала күтімі бойынша демалыстағы қызметкерлер құрайды. Партия ұйымындағы ұстаздар мен қызметкерлер, студенттер қауымы бірқатар жұмыстарға белсенділік танытып, партиялық жобаларды жүзеге асырып, еліміздің саяси жұмыстарына үлес қосып келеді. Партияға қарасты университет студенттерінен құралған «Жас Отан» жастар қанаты ұйымының жас мүшелері де белсенді жұмыс жасауда.
Партия құрылған күнінен бастап түрлі бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып жүр. Елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін жеткізіп жүрген бірден-бір қоғамдық ұйым. Партияның сайлауалды тұғырнамасы аз уақыттың ішінде айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Бүгінде партия алдына қойған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін 9 партиялық жобаны қолға алған. Бұлардың барлығы да халықтың көкейінде жүрген әлеуметтік маңызы бар жобалар. Мысалы, «Біздің ауыл», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты балалық шақ», «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам», «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел», «Жастар – Отанға», «Ұлы Дала елі», «Жастар кадрлық резерві» атты ауқымды шаралармен қатар, кәсіпкерлерді қолдауға арналған кешенді жұмыстар жобасы жүзеге асырылуда.
 
Нәзира ЕЛЕУХАН,
«Қыздар университеті»
 медиа орталығы

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.

Педагогическая мастерская

Цифровые ресурсы «Google» –  незаменимые помощники современного учителя

Цифровые ресурсы «Google» – незаменимые помощники современного учителя

Google – это крупнейшая транснациональная корпорация, предоставляющая пользователям всего мира десятки полезных интернет-сервисов и продуктов. Хотелось...