LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 10:55 AM +06, Nov 17, 2017

Оқушылардың функциялық сауаттылығын дамыту жолдары

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

Гайнеш БЕКМАҒАНБЕТОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ
Қостанай облысы
бойынша ПҚ БАИ
МБОТТ кафедрасының
аға оқытушысы



Мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары мектеп оқушыларының функция­лық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды.


РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді:
1. Мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жолының бірі ретінде білім беру мазмұнына өзгерістер енгізу қажет екендігі анықталды. Жаңа стандарт қабылданып, жаңартылған білім беру бағдарламасы 2016-2017 оқу жылынан бастап енгізілді. Биыл мектептерде білім алып жатқан 1-ші сынып оқушылары осы бағдарлама бойынша білім нәрімен сусындады. Осы жыл қорытындысы бойынша, 1-ші сынып оқушыларының қадамдары қуантарлық. Осы бағдарлама аясында оқушылар негізгі дағдылардың алғашқы қадамдарын бастады, олар: сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылықпен қолдана білу қабілеті, мәселелерді шешу қабілеті, ғылыми-зерттеу дағдылары, коммуникативтік дағдылар, жеке және топпен жұмыс істей білу қабілеті, АКТ саласындағы дағдылар.


2. Оқыту нысандары мен әдіс­терін жаңарту Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату мен оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі. Осының арқасында теориялық білім беруден, тәжірибе арқылы білім беруге көшу жүреді. Оқыту нысандары мен әдістерін түбегейлі жаңарту мұғалім мен оқушы арасындағы әріптестік және достық қарым-
қатынастың орнауына ықпал ететін болады.


3. Балалардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесіне өзгеріс енгізілді. Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критерийлік бағалау жүйесі енгізіледі: білім алушының оқу жетістіктерінің МЖБС-да белгіленген мәлімделген нәтижелерге (өлшемдерге) сәйкестігін бағалау. Бағалауға МЖБС-да және оқу бағдарламаларында мәлімделген барлық білім беру нәтижелері, сондай-ақ, негізгі және пәндік құзыреттіліктер жатады.
Мониторинг нәтижелері білім алушының функциялық сауаттылығының дамыту динамикасын, мектеп оқушыларының, мұғалімдер мен мектептердің жетістіктерін бағалауды, сондай-ақ, стандарттарды, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жаңарту іс-шараларының тиімділігін қамтамасыз етті.


4. Қосымша білім беру мазмұны жаңарды. Жалпы білім беретін мектептегі және мектептен тыс ұйымдардағы әртүрлі бағыттағы үйірме, секция желісін кеңейту есебінен балалар қосымша білім берумен қамтылуда. Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, білім беру ресурстарына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің қызметін біріктіру қамтамасыз етіледі. Жалпы біріктіру тұлғаның кәсіптік тұрғыда өзін-өзі анықтауына және оқушыда шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыруға ықпал ететін болады.


5. Отбасы балаға жастайынан адами құндылықтарын танытып, саналы және өнімді өмір сүруге бағдар беруге міндетті, сондықтан функциялық сауаттылық деңгейіне ата-аналардың балаларды оқыту мен дамыту процесіне қатысуы оң әсер ететіндігін айқын көрсетіп отыр.


6. Мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі) өзгереді. Осы бағытты бақылау үшін, ел мектептерінде эксперимент өтіп жатыр. Білім ордасын басқару жүйесіне өзгеріс енгізіледі.

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.