LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 5:41 AM +06, Nov 24, 2017

Smart education: білім ортасындағы икемді оқыту

ХХІ ғасыр – технологиялар ғасыры болғандықтан, мобильдік құрылғылар, ғаламтор желілері өмір сүрудің қарапайым күнделікті дағдысына айналып, ақпараттық технология адам өмірінің маңыз­ды бөлшегі болып кірігіп кетті. Сандық қоғам, сандық орта қалыптасты.


Әсемгүл СЫЗДЫҚОВА,
Басқару және білім сапасы
кафедрасының
аға оқытушысы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетілген.


Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың заманауи технологияларын енгізу арқылы және оларды тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі бас­ты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.

Дамыған мемлекеттер технологияларды адам игілігіне пайдалану мүмкіндіктерін мейлінше арттырып жатыр. Интернет желілері адамның әртүрлі бағытта дамуына мол мүмкіндік береді. Әлеуметтік желілер арқылы адамның өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жол ашылды. Ақпараттық қоғамда адамның өзіндік ойлауы, әрекетке шығармашылық тұрғыдан қарап, ыңғайлы жол таба білуі маңызды болып табылады. Соның нәтижесінде интеллектуалды экономика қалыптасып, технологияның қарқынды дамуына мүмкіндік туады.


Бұл өзгерістер алдымен білім саласына тікелей байланысты. Соған орай білім берудің жаңа философиясы қалыптасып, модернизация қарқынды жүріп келеді. Білім беру саласында дәстүрлі оқыту электронды оқытуға, электронды оқыту smart оқытуға ауысты. Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту кеңінен қанат жайды. Ендігі міндет – сол алған білімнің адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін smart оқыту ортасын дамыту.


Smart education – бұл ортақ стандарт, келісім мен технология негізінде Интернет желісіндегі бірлескен білім берушілік әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған оқу мекемелері мен профессорлық-оқытушылық құ-
рамының бірлестігі. Яғни, бұл контентті бірлесіп құру және пайдалану, бірлесіп оқыту деген сөз. Сондай-ақ, Smart education, немесе «жетелі оқыту» бұл барлық әлемнің контентінің көмегімен еркін кіруге болатын интерактивті білім ортасындағы икемді оқыту. Smart education ұғымының мәні – білімнің кең көлемді қолжетімділігі. Өз кезегінде, «жетелі оқытудың» мақсаты – білім беру процесін электронды ортаға көшіру арқылы оқыту процесін тиімді ету. Мұндай тұрғы оқытушының білімін көшіріп алып, әрбір адамға қолжетімді етеді. Оқыту әр жерде және үнемі қолжетімді болады. Кітаптық контенттен белсенді контентке көшу «жетелі электронды оқытуға» көшудің тағы бір жағдайы болып табылады. Білімді электронды түрде берудің нәтижелілігі артады.


Көптеген дамыған елдерде стандарт болып табылатын Smart Education-ның негізгі идеясы қандай екен? Негізі «Кешегі күні» оқушы үшін жалғыз білім көзі болып мұғалім табылды, сонымен бірге оқушы өз білімін толықтыру үшін кітап­ханаға, яғни, дәл сол мұғалім кеңес берген кітапқа жүгінді. «Бүгін» білім тек оқытушы мен оқушыға ғана емес, балалар арасында өзара беріледі. Бұл білімнің жаңа деңгейі болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі таңда әртүрлі ақпараттық- коммуникациялық технология­лар қолданысқа енгендіктен, оқытушы оқушыға білім беру үшін әртүрлі мультимедиялық құралдарды қолданады.


Smart Education – бүкіл әлемнің оқытушыларының, оқушылардың және олардың білімдерінің бірігуі, яғни, білім беру жүйесінің дамуының жаңа стратегиясы. Олай болса, еліміз Қазақстанның интеллектуалды дамуының кілті осыда деп ойлаймын.


«Smart» жүйесі педагогтар қызметінде ең тиімдісі. Себебі, бүгінгі жаһандану заманында күнділікті келіп жатқан ақпараттар легі ішінен ең қажеттісін сұрыптай алуға, өзіне қолдануға, нақты орындалатын, шынайысын таңдауға бағытталған. «Smart» оқыту егеменді елімізді одан әрі дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды қадам екені анық.

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.