LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 5:41 AM +06, Nov 24, 2017

Саралап оқытудың ерекшеліктері

Бүгінде талантты және дарынды балаларды оқытуда сапалы табысқа жетуде саралап оқытуды қолданудың орны ерекше болып отыр. Мұғалім саралауды қолданатын сыныпта барлық оқушылар өздерінің әртүрлі оқитынын түсінеді және бір-бірінің оқу үдерісіне қосқан үлесін бағалауды үйренеді. Ал, бұл өз кезегінде мұғалімнің біліктілігі мен шеберлігін қажет ететін үрдіс.


Сәуле ТЛЕУБАЙ,
ДБО тренері

Саралап оқыту дегеніміз – оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиеттері ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үдерісін ұйымдастыру нысаны, әртүрлі балалар тобы үшін арнайы оқу үдерісін қамтамасыз ететін дидактика жүйесінің бір бөлігі. Атап айтқанда «difference» – латын тілінен аударғанда бүтінді түрлі формаға, элементке, бөлшекке мүшелеп бөлу, саралау дегенді білдіреді. Ал, оқытуды саралау дегеніміз – оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру, әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психолого-педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені. Сондықтан оқушыны саралап оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Шәкірттің алған білімін жүзеге асырылатыны тексеріледі. Өз бетімен жұмыс орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында зияткерлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Талантты және дарынды оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Саралап оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Оқу үдерісінде білім алушылардың «өте қатты қобалжу» мен «зерігу» сәттері кездеседі. «Қобалжу – мұғалім оқушыдан тым көп нәрсені күткенде, ал зерігу – оған өте аз ұсынғанда пайда болады» деген Михай Чиксентмихайидың пікірі өте маңыз­ды. Талап ету және оқудың нәтижесінде мұғалімнің белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының білімі мен білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді. Даралап-саралап оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды. Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл олардың арасында өзара жарысу және оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне жағдай туғызады.


Егер мұғалім күнделікті сабақта оқушыға тапсырмаларын күрделендіре беріп, бағыт-бағдар көрсетіп отырса, оқушы бұл тапсырманы орындағанда оқулық материалдарымен шектеліп қана қоймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып, ізденіп жауап береді. Кеңейтілген деңгейлік тапсырмалар беру арқылы – оқушының қабілетінің ең биік шегін, мәртебесі жоғары сұрақтар беру арқылы – ойлау қабілетін, сын тұрғысынан ойлау әдістері арқылы – салыстыру, саралау қабілетін, эссе жазу арқылы – іздену қабілетін, тест әдісін қолдана отырып оқушының есте сақтау қабілетінің деңгейін анықтауға болады. Олар өз бетімен жұмыс істеу, еңбексүйгіштік, төзімділік, жұмыс орындаудағы ұқыптылықпен ерекшеленіп, мұғалім мен ата-ана тарапынан бақылауды қажетсінбейді де, олардың бойында біртіндеп өзін-өзі бақылау мен бағалау дағдысы қалыптасады.


Талантты және дарынды оқушыларды жан-жақты дамыту үшін кеңейтілген тапсырмаларды қолдану арқылы оқытуды түрлі нысанда ұсынуға, балалардың өз әлеуеті деңгейінде, сондай-ақ, ағымдағы жетістіктері деңгейінде бағалануында түрлі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік мол. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ-да өзектілігі жоғары 3 (базалық) деңгейі бүгінгі күні «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы аталатын курсы облысымыздың білім беру ошақтарынан біліктілігін арттыруға келген педагогтардың әлемдік озық әдіс-тәсілдерді игерудегі іс-қимылы да соның дәлеліндей.

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.