LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 3:16 AM +06, Oct 20, 2017

Кәсіподақтың көкжиегі кең

Жуырда қаламызда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Костанай облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің жоспары бойынша ғылыми-практикалық конференция өтті.


Конференция жұмысы Қостанай облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Ділдебекова Зияда Қабисұлтанқызының басшылығымен ұйымдастырылды. Жиынға Рудный қалалық білім бөлімінің басшысы Қ.Қанешов, қалалық, аудандық кәсіподақ төрайымдары мен төрағалары, ардагерлер және жас мамандар шақырылды.


Ғылыми-практикалық басқосудың екінші жартысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген «Туған жер» бағдарламасы – жалпыұлттық отансүйгіштіктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел, секция жұмыстары ұйымдастырылып, қалалық кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары, жұмыс берушілермен өзара байланысы және әлеу­меттік серіктестікті дамыту бағытында атқарған жұмыстары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.


Бұл іс-шара «Қалалық білім қызметкерлері кәсіподағы: кеше, бүгін, ертең» атты тақырыппен өтті, себебі, биыл Рудный қалалық білім бөлімі, өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. Қалалық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының бірлесіп атқарған жұмыстарына сараптама жасалып, жақсы баға берілді. Алдағы уақытта «Туған жер» бағдарламасы бойынша бірлесіп жасалатын жұмыстарға да тоқталды. Осы бағдарлама аясында білім ұйымдары сайттарында, ардагерлерге арналған «Атамекен» рубрикасының тұсаукесері болды. 60 жыл ішінде қалалық білім бөліміне еңбектері сіңген басшылар, ардагерлер, кәсіподақ мүшелері туралы көп мәліметтермен қонақтарды таныстырды.


Рудный қалалық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы болып 22 жыл қызмет істеген Р.Плешкова және кәсіподақ төрайымдары болып 15-20 жыл бойы қоғамдық жұмыс атқарған – С.Балабина, О.Сумцова, Г.Албердина, Г.Баландина марапатталып, сый-құрметке ие болды. Сонымен қатар, жас мамандарды кәсіподақ мүшелігіне қабылдап, ардагерлер жылы лебіздерін білдірді.


Амина МЫРЗАТАЕВА,
Рудный қалалық
білім қызметкерлері
кәсіподағының төрайымы

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.

Педагогическая мастерская