LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 11:48 AM +06, Dec 15, 2017

75 мыңға жуық оқушы көрмені тамашалады

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға облыстардан 77 894 оқушы және жетекші келіп, тамашалады. Бұл жоспарлаған саннан екі есе асып түсті.


Айта кететін болсақ, Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған жоба аясында қалаға 40 мыңға жуық оқушылар мен жетекшілердің келуі жоспарланған болатын.


Әр өңірдің делегациясына Астананың Білім беру басқармасы тарапынан жауапты тұлғалар белгіленіп, әр аймақ тарапынан балаларға жауапты мұғалімдер мен медициналық кызметкерлерi карастырылды. Қонақтар қаладағы білім беру ұйымдарының жатақханаларына орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, ІІД ЖПҚ қызметкерлері тарапынан тәулік бойы күзету ұйымдастырылған болатын.


Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Ануар ЖАНҒОЗИН:
– Балалар үшін, біріншіден, бұл халықаралық, жоғары деңгейдегі өткен іс-шараға қатысып, жалпы әлемде болып жатқан өзгерістерден хабардар болу мүмкіндігі. Екіншіден, жастарымыз еріктілер қызметін атқарып, еселі тәжірибе алды. Өз кезегінде бұл тіл және коммуникативті дағдыларды дамыту, біліктілігін арттыру. Үшіншіден, қатысқан балалар бойында жаңа жобалардың идеялары пайда болып, келешекте олар қаламыздың, еліміздің дамуына өз септігін тигізеді деп ойлаймын, – деді.


Шынайы қуанышпен əрбір экспонатқа қызыға қарап, павильондарды аралау барасында жазбалар жасап жүрген балалардың сыңғырлаған дауыстары бүкіл айналаны жаңғыртып шықты. Көрме қонақтары мен қатысушы жеткіншектер іс-шараға ерекше көңіл-күй сыйлап, тамашалаған құбылыстар жайлы шыдамай дəл сол мезетте ата-аналары мен достарына хабарласып, бөлісетінін айтып берді.


Ал, аталмыш жаһандық көрмені 28 мыңнан астам елордалық оқушы тамашалады.


Қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының деректеріне сүйенсек, көрме аясында Астана қаласы әкімдігіне қарасты қалалық еріктілер штабы жұмысын атқарды. 1500-ден астам белсенділер 96 объектіде қызмет жасады.


Жазира АСАНОВА
Астана

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.

Педагогическая мастерская

Рефлексия как эффективный механизм саморазвития

Рефлексия как эффективный механизм саморазвития

Главная задача современной школы – раскрытие способностей каждого ученика, воспитание инициативной, способной творчески мыслить личности...