LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 5:41 AM +06, Nov 24, 2017

Критерийлік бағалау – сапалы оқу кепілі

Қазіргі таңда білім берудің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады.


Білім сапасын арттыру мақсатында критерийлік бағалау жүйесін дамыту маңызды екендігі сөзсіз.
Критерийлік бағалау мұғалімдерге сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға, өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға, оқу үрдісінің сапасын жақсартуға, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға, бағалаудың әртүрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға, оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
Ал, оқушыларға нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге, рефлексияға қатысу, яғни, өзін және өз достарын бағалауға, нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге септігін тигізеді.
Бұл бағалаудың ата-аналарға да тигізетінін жақсы тұстары көп. Мәселен, олар баласының білім деңгейлерін, оқу үрдісін бақылауға және оларға білім алу кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Критерийлік бағалау жүйесінде оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни, бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады.
Критерийлік бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу, оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу – жиынтық бағалаудың нәтижелі, сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады.
Бүгінгі таңда оқушы білімін критерийлік жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр. Олай болса, білім алушының құзыреттілігін жетілдіруге критерийлік бағалау жүйесінің ықпалы
өте зор. Мұндай бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттай отырып, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз.

Ж.БАЙМАНОВА,
Железин №3 ОМ
физика мұғалімі
Павлодар облысы

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.