LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 5:41 AM +06, Nov 24, 2017

Ақтаулық студенттер Түркияда өткен халықаралық олимпиададан жүлдемен оралды

Түркияның Анталия қаласында мектеп оқушылары мен студенттердің IX Халықаралық олимпиадасы өтті. Онда Маңғыстау облыстық туризм колледжінің студенттері бақ сынады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық білім басқармасына сілтеме жасап, tumba.kz хабарлады.

Олимпиаданы Анталияның туризм академиясы қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Аталмыш шара оқушылар мен студенттердің бойындағы шығармашылық ерекшеліктері мен олардың ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын анықтау мақсатында ұйымдастырылған. Шара сонымен қатар тілді меңгеру, математика, туризм салалары бойынша өзара білім алмасу, түрлі мемлекеттердің оқушылары мен студенттері арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға бағытталды.

«Биылғы жылы еліміздің намысын Маңғыстау облыстық туризм колледжінің 7 студенті қорғады. Олар жалпы білім беру пәндері мен туризм бойынша өзара бақ сынасты. Байқаудағы жұмыстар жеке және командалық болып бағаланды»,-деп түсіндірді білім басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша, жеке есеп бойынша маңғыстаулық студенттер үш жүлделі орынды жеңіп алды. Үздіктердің қатарынан Асқар Бимағамбетов, Шаттық Тілектесова мен Әйгерім Бекбосынова табылды. Оларға медальдар мен грамоталар табысталды.  



Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.