LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 5:41 AM +06, Nov 24, 2017

Қызылордалық ғалымдар 95 млн теңге грантқа мұнайды өңдеу технологиясын зерттейді

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында университет ғалымдары құны 95 млн. теңгені құрайтын «Инновациялық технология бойынша мұнай құрамды қалдықтарды өңдеу» ғылыми жобасының грантын жеңіп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі университетке сілтеме жасап хабарлады.

Жобаның негізгі мақсаты табиғи ресурстарды тиімді пайдаланып, шикізат пен өнімді қайта өңдеу болып табылады. Бүгінде осы жобаға байланысты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің инженерлік-бейіндік зертханасында Германиядан келген арнайы қондырғы жасау жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, Елбасы өзінің Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінің 64-қадамында өндіріске инновациялар енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар «Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңның әзірленетіндігін атап көрсеткен болатын. Сонымен бірге ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттілігіне орай қайта бағытталатыны айтылды. 

 

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.