LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 5:41 AM +06, Nov 24, 2017

ЭКСПО туристік аймағы ашылды

Жақында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтың қатысуымен ЭКСПО туристік аймағының ашылуы өтті.


11-13 қараша күндері ашық есік күндері аясында Астана тұрғындары мен қонақтары «Нұр Әлем» павильоны мен «Болашақ музейін», Тақырыптық павильондар, Үздік тәжірибелер аймағы, Конгресс Орталығы, Энергия Холлы және Арт-Орталығына бара алды. Дәл осы нысандар ашылған туристік кешеннің негізіне айналып, қалыпты тәртіп бойынша жұмыс істеді.
«Президентіміздің идеясы көрме келешегінің жарқын болуында. Бұл болашаққа деген инвестиция, адам капиталын дамыту бағыты. Президентімізбен әзірленген және мақұлданған көрмеден кейінгі нысандарды қолдану тұжырымдамасы осының жарқын мысалы», – деді Ахметжан Есімов.
Келушілер тақырыптық павильонның екеуінде де энергияны үнемдейтін әрі энергетикалық тиімді болашақ қаласын құруға көмектесетін жаңа технологиялардың тәжірибе жүзінде қолданысын тамашалай алады. «Үздік тәжірибелер аймағында» әлемнің 13 елінен әкелінген жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы 24 жетекші жоба ұсынылған. Арт-орталығы заманауи өнер орталығы ретінде жұмысын жалғастырып, сондай-ақ, ең кішкентай қонақтар үшін білім беру орталығы ашылған.
Ахметжан Есімов ЭКСПО-2017 Көрмесі кезінде танымал болған «Нұр Әлем» павильонына тоқталып өтті. Көрме барысында мұнда 1 млн 300 мың адам келген. Енді ол Болашақ энергиясы музейі ретінде жұмыс істеп, келушілерін әртүрлі жаңартылған энергия көздерімен, осы саладағы су жаңа жетістіктермен таныстыратын болады.
Ахметжан Есімов «Мен «Нұр Әлем» павильоны, Париждегі Эйфель мұнарасы, Брюссельдегі «Атомиум» іспетті белгілі нысанға айналарына сенімдімін», деп атап өтті.
Айта кетсек, көрме аумағына кіру бұрынғы – солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс кіру топтарынан жүзеге асырылады. Билеттің құны – 1500 теңгені құрайды. Ол арқылы келушілер «Нұр Әлем» павильонын, екі тақырыптық павильонды және үздік тәжірибелер аймағын тамашалайды. Сондай-ақ, ҰОС ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ата-ана қарауынсыз қалған бүлдіршіндер мен көпбалалы аналар үшін ЭКСПО-2017 туристік аймағына кіру тегін болады. Ал, зейнеткерлер мен мектеп оқушыларына арналған билет құны 500, студенттер билетті 800 теңгеге сатып ала алады. Билеттер ЭКСПО-2017 аумағындағы билет-кассаларында және ЭКСПО-2017 ресми сайты арқылы сатып алады.
Сонымен қатар, ЭКСПО кешенінде аумағы 3,5 мың шаршы метрді құрайтын мұз айдыны ашылды. Онда 1 сеанс құны 1000 теңгеден. Сондай-ақ, биыл Астана қаласында басты жаңа жылдық шырша ЭКСПО-2017 аумағында орнатылмақ. Көрме аумағында 23 тамақтану нысаны жұмыс істейді. Ал, автокөліктер үшін жерасты көлік тұрағы ашылып, онда алғашқы 3 сағаты тегін, ал кейінгі әр сағат үшін автотұрақ құны 100 теңгеден болмақ.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен
байланыс департаменті

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.