LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 5:41 AM +06, Nov 24, 2017

Республикалық кезеңге жолдама алды

Таяуда Көкшетау қаласында өткен 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде-2017» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.


Бұл додада 1-ші орынды иеленген 19 оқушы облысымыздың намысын келесі жылы «Зерде» байқауының Республикалық кезеңінде қорғайтын болды. Шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспарына сәйкес дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында болып өтті.
Жүлделі орынға ие болған қатысушыларды марапаттау рәсімі «Достар» МС өткізілді. Жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табысталды. 2-ші орынды 37, 3-ші орынды 47 бала тең бөлісті. Байқауға облыстың 15 ауданынан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан жалпы 180 жас зерттеуші қатысты.
Сайыс балалардың зерттеу­шілік дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатында өткізіліп келеді.
Шараның ұйымдастырушысы болып табылатын Ақмола облысының білім басқармасы өз алдына зерттеушілікке қызығушылық танытатын қабілетті де дарынды балаларды анықтау және қолдау, оқушылардың үздік жұмыстарын паш ету және насихаттау, балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру, бұқара назарын қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесіне аудару сауалдарын қойды.
Оқушылар өз жұмыстарын қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, информатика, физика, техника, медицина, психология, тарих, этномәдениеттану, өлкетану, биология, химия, экология, валеология секциялары бойынша таныстырды.
Дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы Гаухар Рамазан байқаудан алған әсерімен былай деп бөлісті:
– Байқауға екі жыл қатарынан қатысып келем. Маған химия саласында зерттеулер жүргізген өте ұнайды. Болашақта ғалым болып, адамзат баласына құпия жаңалықтарды ашқым келеді.

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.