LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 5:41 AM +06, Nov 24, 2017

Инклюзивті білім берудің үздігі Көкшетау қаласында

Алматы қаласында «Инклюзивті білім беру: әдіснамасы, тәжірибе және технология» тақырыбында Республикалық әдістемелік фестивалі аяқталды.


Оның жеңімпазы Көкшетау қаласының №19 орта мектебі болып танылды. Оларға «Инклюзивті білім беру бойынша үздік ресурстық орталық (кабинет)» номинациясы бойынша құрмет дипломы табысталды.
Аталмыш фестивальді «Өрлеу» БАҰО» АҚФ институты ұйымдастырды. Олардың бұл басқосуды өткізудегі негізгі мақсаты – жалпы білім беру кеңістігінде ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға тиімді әдістемелік ұсынымдарды және технологияларды анықтап іске асыру, инклюзив үдерісіне енгізу мен дамытуда озық тәжірибені анықтау.
Жиында ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық-материалдық, ресурстық-технологиялық, инклюзивті білім беру аясында ақпараттық кеңес, тиімді әдістемелік ұсынымдар мен технологияларды тарату және әзірлеу жетістіктерін Қазақстан тәжірибесінде тиімді ұсыну жөнінде айтылды.
Шарада «Мектепке дейінгі білім беруде инклюзивті (интегративті) білім беру ортасын құрудың озық тәжірибесі», «Жалпы білім беретін мектепте инклюзивті (интегративті) білім беру ортасын құрудың озық тәжірибесі», «Инклюзивті білім беру бойынша үздік ресурстық орталық (кабинет)», «Колледж жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін студенттерді қолдаудағы үздік үлгілер», «ЖОО жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін студенттерді қолдаудағы үздік үлгілер», «Шексіз инклюзия (қоғамда инклюзивті білім беру идеясын іске асыратын МЕҰ)» номинациялары болды.
Сонымен қатар, іс-шара барысында мұғалімдер ең жақсы педагогикалық теорияларды енгізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.