LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 5:41 AM +06, Nov 24, 2017

Маңызды мәселелер талқыланды

Қараша айының алғашқы күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп «Балдәурен» РОСО базалық (теориялық) және пәндік-теориялық (практикалық-бағдарланған) екі модуль негізінде «Туған жер» бағдарламасы – жалпыұлттық патриотизм негізі» республикалық семинар-практикумы өткізілді.


Оны өткізудің негізгі мақсаты – қазақстандықтардың санасының жаңа моделін қалыптастыру, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея тұрғысында еліміздің жас азаматтарының патриоттық сезімін тәрбиелеу.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Елбасының қойған міндеттерін іске асыру үшін еліміздің әрбір азаматының тіршілік етуінің аксиологиялық негіздерін қалыптастыруға көп көңіл бөлу керек. Маңызды мәселелердің бірі заманауи жастарды патриоттық тәрбиелеу болып табылады. Патриотизмнің тамыры ғасырлардан-ғасырларға жайылған, терең теориялық дәстүрі бар.
Басқосуға Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының қызметкерлері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық, аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары, мұғалімдері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының менеджерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Ақмола облысының атынан пленарлық отырыста өз баяндамаларымен саяси ғылымдарының кандидаты, облыстағы инклюзивті білім беруді дамыту бойынша үйлестіру кеңесінің төрағасы М.Ибраев, Зеренді ауданы Приреченск мектебінің тарих пәні мұғалімі Н.Стока, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» бас менеджері А.Азербаев сөз сөйледі.
Барлық секциялар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының барысын талқылау бойынша сындарлы диалогтар үшін алаң болып табылды.
Іс-шара соңында «Біздің облысымыздың мақтанышы» тақырыбында «Балдәурен» РОСО оқушылары және семинар қатысушыларымен акция жүргізілді.

 

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.