LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 9:28 AM +06, Jan 16, 2018

Білімді жас – ел ертеңі

Жуырда Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінде 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 56-шы облыстық пән олимпиадасы өткізілді.


Додаға Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, 10 ауданнан және 13 облыстық мамандандырылған білім беру мектептерінен барлығы 26 команданың 739 оқушысы қатысты.
Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінен 68, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінен 48, Павлодар қаласы құрама командасынан 65 оқушы, Павлодар ауданынан 32 және Баянауыл ауданынан 28 шәкірт қатысты.
Ағылшын тілі пәнінде 83, Қазақстан тарихы пәнінде 71 және биологияда 69 оқушы сынға түсті. Олимпиада қорытындысы бойынша сапасы жағынан жоғары көрсеткішке ие болған командалар жаратылыстану-ма-
тематикалық және гуманитарлық бағыт бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда-2018» номинациясы бойынша сертификаттарға ие болды.

09011819
Жаратылыстану-математикалық бағытында І-орын дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің командасына, ІІ-орын дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің командасына және ІІІ-
орын «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің командасына тиесілі болды.
Гуманитарлық бағытта І-ші орынды Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты мен облыстық дарынды балаларға арналған көп салалы лицей-интернатының командалары, ІІ-ші орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, ІІІ-ші орынды дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы қанжығалады.
«Ең үздік қалалық команда-2018» номинациясына Павлодар қаласының құрама командасы, «Ең үздік аудандық команда-2018» номинациясына Железин ауданының командасы ие болды.
09011817
«Ақыл жастан, асыл тастан» атағын Павлодар қаласының №34 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Максим Колодин, «Олимпиаданың жаңа жұлдызы» атағын №3 гимназиясының 7-сынып оқушылары Алия Кадыркулова мен Данель Дандыбаева иеленді.
Оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадасында 314 оқушы І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, оның ішінде І орын – 71, ІІ орын – 87, ІІІ орын – 156.
7 оқушы 3 жоғары оқу орнының білім грантына ие болды. С.Торайғыров атындағы ПМУ университеті 3, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті 2 және Инновациялық Еуразия университеті 2 білім гранттарын ұсынды.

«Ертіс дарыны» ӨҚББОӘО
Павлодар

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.