LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 9:28 AM +06, Jan 16, 2018

Жаңа орталықтар мен кабинеттер ашылды

Университетіміздің бас ғимаратында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Зерде» оқу-әдістемелік, Этнопсихология, Шешендік өнер, «Сана» психологиялық кеңес беру, Тұлға психологиясы кабинеттерінің тұсаукесері болып өтті.


Тұсаукесер рәсіміне университеттің факультет декандары, кафедра меңгерушілері, бөлім басшылары келді. Университет ректоры, профессор Бауыржан Аманкелдіұлы бастаған топ алдымен «Зерде» оқу-әдістемелік кабинетімен танысты. Аталмыш кабинеттің лентасын Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Ағыбайұлы мен педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Светлана Ермекбайқызы қиды.
Кабинеттер мен орталықтардың ашылу салтанатында жиналған жұртшылықты университет ректоры Бауыржан Ердембеков құттықтап, сөз сөйледі. Ол «Қазіргі кезде университетте сын көтермейтін кабинеттерге көңіл бөліп жатырмыз. Студенттер білім алатын кабинеттер ашық түсті әрі жарық болуы керек. Педагогикалық мамандықтарына сұраныс көбеюде, әртүрлі мамандық иелерін дайындайтын мұғалім екені баршамызға аян. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп Мұхтар
Әуезов айтқандай, бесіктен басталатын тәрбиеден кейін ұстаздың алатын орны ерекше. Сондықтан студенттерді кәсіби біліктілікке тәрбиелеу үшін білім алатын орны, кабинеті талапқа сай болуы керек.
Ашылып отырған кабинеттер мен орталықтар университет студенттерінің ұлттық интеллектуалды потенциалын дамытуға, психология туралы білімдерін кеңейтуге көмек беріп, оларға болашақта жеке ғылыми мектепті ашуына және әлемдік деңгейде ұсынуға мүмкіндік береді», – деп факультет деканы мен кафедра меңгерушілеріне алғысын жеткізді.
Тұсаукесер барысында «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Джамилия Бақытжанқызы мен «Мектепке дейінгі және арнаулы білім» кафедрасының меңгерушісі Клара Жаманбайқызы орталықтар мен кабинеттердің ашылу мақсаты мен бағыттарына тоқталды.

Сандуғаш БАЙҒҰЛҚЫЗЫ
Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік мемлекеттік
университеті

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.