LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 9:28 AM +06, Jan 16, 2018

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНА СӨЗБЕН ЕМЕС, НАҚТЫ ІСПЕН ҚОЛДАУ БІЛДІРЕМІЗ

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Бүгінгі Тәуелсіз ел келешегінің кемел болуы жолындағы кезекті даму жоспары айқындалған тарихи құжатта біздің қоғам басты назарға алатын жаңа мүмкіндіктер кеңінен қамтылған. Күні бүгінге дейін «Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман», - деп күш білекті де емес, білімді де екенін атап өткен Елбасымыз бұл жолғы Жолдауында да білім саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл ұрпақ тәрбиесі жолында бар білгенін сарп етіп, тағдыр тоғыстырған сан ұлтты Отанымыздың болашағы жастарымызды үлкен өмірге даярлап жатқан ұстаздар қауымы үшін ерекше қуантарлық жағдай.

   Жолдаудың «Адами капитал –жаңғыру негізі» деп аталатын тарауында білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс екендігін баса айтылған. Естеріңізде болса, Тұңғыш Президентіміз жаңартылған білім мазмұнына қатысты тапсырма беріп, еліміздегі білім саласын әлемдік стандарттарға сәйкестендіруді міндеттеген еді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың осы Жолдауындағы мына бір сөздерге көз жүгіртер болсақ, жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары екенін тағы бір мәрте еске салды. Ұлт Көшбасшысының осы тапсырмасына орай, Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі сараптамадан өтіп, талданған, пісіп –жетілген оқу бағдарламасын, заманауи әдіс –тәсілдерді Семей өңірі мектептеріне таратуда. Тіптен біздің көмегіміз арқылы шалғайдағы Көкпекті ауданы, Үлгілі малшы ауылындағы Абай атындағы орта мектебі де жаңа бағдарламаны меңгеру үстінде. Демек біз Елбасы Жолдауына сөзбен ғана емес, іспен қолдау білдіріп отырмыз. Келешекте де осы бағыттағы жұмыстарымызды жалғастыра береміз.

   Білім берудің жаңа сапасына баса назар аудару керектігімізді айтқан Нұрсұлтан Әбішұлы білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту мен қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде екендігіне ерекше тоқталды. «Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады.Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында», - деді Ұлт Көшбасшысы өз сөзінде.

   Міне, осы айтылғандарды тыңдай отырып, біз секілді білім саласының қызметкерлеріне жаңа бір міндеттің жүктелгенін айқын сезініп отырмыз. Жолдауда сондай –ақ 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізу туралы тапсырамалар жүктелді. Бұл өзгенің бағын аялайтын, өзінің жанын аямайтын ұстаздар қауымына жаңа бір күш, жаңа бір серпін берер деген үміттемін. Ендеше, ертеңгі күнімізді бүгіннен айқындаған Елбасы Жолдауы дәл уақытында айтылған ресми құжат деп білемін.

Бағдан Қайыржанов,

Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры

Оставить комментарий

Поля, отмеченные звездочкой (*), обязательны для заполнения.