LogoBILIMEL02
 
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан
updated 9:28 AM +06, Jan 16, 2018

Әріптесіміз - жеңімпаз!

Мектебіміздің мұғалімі Бауыржан Жылқыбаев Назарбаев Зияткерлік мектептерінің математика пәні ұстаздары арасында өткен бірінші фестивалінде шығармашылық конкурс қорытындысы бойынша 2 –ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқытушылар арасындағы шығармашылық конкурс қаңтар айының 4 - 6 күндері аралығында Алматы қаласында өткен. Бауыржан Тұрлыбекұлының сөзіне қарағанда, сайысқа еліміздегі барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 67 мұғалім қатысқан көрінеді.

- Сайысты семинар аралас шара деп айтуымызға болады. Шарт бойынша екі кезеңнен тұрған білім бәйгесінде олимпиадалық типтегі есеп шығарудан бөлек, методикалық біліктілігімізді де сынадық. Екі бөлімде де күрделі есептер шығардық. Бір атап өтерлігі – бізге берілген есептер қате есеп болып алдын –ала дайындалған. Яғни, берілген есептің тапсырмасында, шығару жолдарында тіптен шешімінде де қателіктер кездесуі мүмкін. Ал біз осы қателіктерді дер уақытында анықтап, соны түзетуіміз керек. Сонымен қоса, қай жерден қате табылғаны туралы түсіндіріп беруіміш қажет. Міне, осындай талаппен өткен сайыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткендер марапатталды, -дейді әріптесіміз.

   Жалпы Бауыржан Тұрлыбекұлы соңғы 36 жылдан бері ұстаздық қызметте. Осыаралық ішінде дәл осындай ауқымды 2 білім сайысында бағын сынаған. Соның алғашқысы 1991 жылы 1 –ші бүкілресейлік математика пәні мұғалімдері арасында өтіп, ақтық финалға дейін жетсе, екіншісінде 2001 жылы Алматы облыстық ұстаздары арасында өткен сайыста жүлделі 3 –ші орынды иеленген. Енді міне кезекті жеңісіне қол жеткізіп, әріптестері арасында беделі артып отыр. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбегі үшін бұған дейін еліміздің Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасына ие болған Бауыржан Жылқыбаев алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көрінетініне сенім мол.

Семей қаласындағы физика –математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі