Все новости

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына Айнаш Даданованың пікірі

«Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек» деп айтқан Елбасымыздың Жолдауына ел болып, ықылас қойғанымыз дұрыс. Осы орайда мен Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарының бірі, Таран ауданы Тобыл орта мектебінің директоры, білім саласының маманы және ҚР азаматшасы ретінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауына пікірімді білдіргім келеді.

Жалпы, жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Мұндай жаңашылдық балаларға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады. Әрі осы бағыттарда оқушыларға сай, мұғалімдер де бейімделгендері абзал. Сонымен қатар Елбасы 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырды. Осының барлығы ел мүддесі, ел мақсаты емес пе? Елім өз болашағын тәрбиелейтін білім саласы қызметкерлерінен түрлі салада қызмет атқаратын саналы азаматтарын көргісі келеді. Әр саналы азамат біздің мектеп шаңырақтарынан өрлейді, оларды тәрбиелеп, білім беруші біздер Елбасымыздың қойған талаптарына сай қызмет жасауға міндеттіміз. Дегенмен, осы бір өзгерістерге түсінікпен қарағандарымыз жөн. Күні ертең зейнетке кететін нағыз маманның өзі білім деңгейін көтеруді сұранған заман. Өйткені бұл құбылыс әр мұғалімнің бойында болады деп ойлаймын, себебі заман талабының әсеріне бейімделуіміз қажет.
Аталған қаулының базалық лауазымдық жалақысына қосымша ақы жаңартылған бағдарламада оқытқаны үшін төленеді. Осы бір жолдарды ескере келе, педагог қызметкерлерінің жағартылған бағдарлама бойынша жүктелген сағат саны тек қана 1,2,5,7 сыныптар бойынша болған жағдайда, сол сыныптар ғана үшін курсты оқығандар және аталған сыныптарда жұмыс жасайтын педагог қызметкерлеріне қосымша ақы төленеді. Соның өзінде өздерінің қосымша ақыларын осы сыныптағы жүктемелерінің 30
және 50 пайыздық көрсеткіші базалық лаузымдық акысына қосылатынын білгеніміз жөн. Мүмкін кейбір жағдайда әріптестер түгел дерлік жүктемеге қосылыды деп үміт күтері анық. Әрине, мұндай түсініспеншіліктер туындамауы үшін Елбасының Жолдамасын түгел дерлік оқып танысқандарыңыз жөн деп ойлаймын, өйткені осының барлығы білім бағдарламаларының жаңартылған мазмұнына көшуге байланысты жүзеге асырылуында болып отыр. Дегенмен жаңартылған мазмұнға түгел дерлік енген жағдайда біз толық қосымша ақыға келе аламыз. Қосымша ақы төлеуінің маңызы педагогтардың өзара белсенділігі артып, зейнетке жақын қалған әріптестердің өзара көзқарастарының жаңа заман талабына бағытталуына жол бермек. Әрине, әр саналы педагог өз білімін жаңа заман талабына сай дайындап, ілгеріден әлемдік деңгейге көтерілуге қол ұшын береді деген сенімдемін. Көптеген қарт кісілердің өзі компьютерде білімдерін шыңдап жатыр, сол орайға келгенде жас ұрпақты тәрбиелеуде Елбасымыздың Жолдауының өрістеуіне бар күшімізді салсақ, еліміздің болашағын тәрбиелеп жатқан мына біздер, осы әр саладағы мамандарды білім нәрімен сусындатушы да мына біздер! Ендеше неге бізге жаңаша көзқарасқа, жаңа талапқа, жаңа бағытқа бармасқа! Біз дегеніміз еліміздің ертеңін қанатттандыратын нағыз маман иелеріміз, сондықтан Елбасымыздың Жолдауын орындау барысын қолға алайық! Міне, біз қойылған талаптарға сәйкес өз жүгімізді өзіміз арқаласақ, еңбегімізді адал атқарсақ, біз нағыз біртұтас елміз, ынтымағымыз жарасқан мемлекетпіз дегеніміз әлемге кеңінен танылмақ!
Осы Елбасымыздың жолдауының түпкілікті мақсатын кейбір әріптестер жеткілікті түсіне бермейді. Заман талабына сай әр педагог қызметкерлері санаттарын көтеру мақсатында өзін-өзі жетілдіру күшін арттырып, оқу бағдарламасының түрлі жаңалықтарына ілесіп отырғандары абзал. Сондықтан егер білім саласының қызметкерлері өз деңгейін әлем деңгейінде жоғары білімді дәрежелі қатарында көргісі келсе, әрине Елбасымыздың бұл Жолдауы бізге талпыныс берері сөзсіз. Негізінен әлеуметтік-саяси, санамыздың қарыштауына мүмкіндік беріп отыр. Саналы азаматтар қатары небір жаңалықтарға, жаңарту үдерісін қабылдауға дайын тұруы керек. Ел болашағы үшін күресуші тұлғада, «Мен ертең зейнетке кетем немесе мына өзгеріс қиын» — деген сауатты да мәдениетті азаматтың ауызынан шықпас деген үміттемін. Жүре келе, сенімге жүк артып, болашақтан күтеріміз мол екенін көзбен көрер шәкірттеріміз бізді мақтан етеді деп ойлаймын. Жалпы, өмір сүру үшін өзгеруді де қолға алып, заманымыздың ағымындағы талаптарға бейімделіп, ел ертеңін жаңарту үрдісінде білім саласының қызметкерлері әр пайыздық көрсеткішті, өз еңбек жолындағы және еңбек өтілі бойынша қабылдағаны дұрыс. Егер әр мәдениетті, әрі білімді қызметкер дұрыс көзқараста түсініп-білген болса, өз көрсеткішіне сеніммен қарайды деген ойлаймын. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жеделдетіп енуімізге арналған тарихи мүмкіндігімізді біліп жатырмыз. Ол да биікке өрлеу, саясаттағы ірі жеңістер мен жетістіктерді қамтитын құнды дүниелер арқылы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету, жастарымызды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу үшін көзделген істердің басты – қайнар көзі.

Добавить комментарий