Все новости

Жәутіков олимпиадасындағы павлодарлық оқушылардың жетістіктері

Алматыда 2018 жылғы 10–16 қаңтарда математика, физика және информатикадан ХІV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Оған 16 мемлекеттен 400 оқушыға жуық қатысты.

«Ертіс дарыны» өңірлік білім беру орталығының хабарлауынша Павлодар облысы командасының құрамында дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің оқушылары Максименко Александр, Басов Ярослав және дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары Ғаллам Ислам, Наурзгалиев Арлан, Аманжолов Рустем, Тұрғын Шерхан, Зейнекен Адлет болды.
Өңіріміздің командасы 1 күміс және 3 қола медальға ие болды. Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Тұрғын Шерхан (мұғалімі Уринбасаров Ахмад Абдулкаримович) математика пәнінен күміс медальды жеңіп алды. Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11 және 10 сынып оқушылары Максименко Александр, Басов Ярослав физикадан (мұғалімі Билида Анатолий Николаевич), дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Ғаллам Ислам информатикадан (мұғалімі Минулин Арнольд Альбертович) қола медальдарын иеленді.

Добавить комментарий