Все новости

Қазақстанның болашақ энергиясы Абу-Даби саммитінде көрсетілді

15-18 қаңтарда Абу-Дабиде XI Дүниежүзілік «Болашақ энергиясы» саммиті өтуде. Іс-шараға 26 мыңнан астам адам қатысып, 20 елдің павильоны және 650 компанияның жетістіктері ұсынылды.

ФОТО3
Саммитке ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» қоғамының басқарма төрағасы Ербол Шорманов қатысты.
Көрмеде жалпы аумағы 195 шаршы метрді құрайтын Қазақстан павильоны ашылды.
«Павильонда елімізде іске асырылып жатқан, соның ішінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, сондай-ақ жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы жобалар мен көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы бірқатар ауқымды жобалар қойылған», – деп атап өтті Е.Шорманов.

ФОТО«Астана ЭКСПО-2017» қоғамы осы саммитке жыл сайын қатысып келеді. Қазақстан үшін бұл баламалы энергетика саласындағы сұрақтарды талқылайтын алаң, сондай-ақ елімізге инвистициялар тарту да маңызды.
Іс-шарада энергетика саласындағы соңғы әлемдік трендтер мен инновациялық жобалармен танысу мүмкіндігі бар.
Саммит аясында Жаңғыртылатын Энергия Көздері Жөніндегі Халықаралық Агенттік Ассамблеясы (IRENA) және Тұрақты Даму Аптасы (Abu Dhabi Sustainability Week) отырысы өтеді.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті

Categories: Все новости

Добавить комментарий