Все новости

Астанада Қазақ халқының шығу тегі туралы кітаптың тұсауы кесілмек

2018 жылғы 24 қаңтарда сағат 15:00-де Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында (259) белгілі антрополог ғалым, ҚР ҰҒА академигі, Болон ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері О. Смағұлов пен А. Смағұлованың «Қазақ халқының шығу тегі» кітабының (физикалық антропологияның мәліметтері бойынша) тұсау-кесері болады.

Журналистерді тіркеу бойынша: Ләйлә 8 702 3636 005

 

24 января 2018 года в 15.00 в ЕНУ (гл.корпус, 259 ауд.) состоится презентация книги «Происхождение казахского народа» (по данным физической антропологии) известного ученого антрополога, академика Национальной академии наук, член-корреспондента Болонской Академии наук, заслуженного деятеля науки и техники РК О. Исмагулова, А. Исмагуловой. Подробнее читайте ниже.

Для аккредитации СМИ: Ляйля 8 702 3636 005

 

Кітап туралы қосымша ақпарат:

«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ» немесе ҰМЫТЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ

2018 жылдың 24 қаңтарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде белгілі антрополог ғалым, ҚР ҰҒА академигі, Болон ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері О. Смағұлов пен А. Смағұлованың «Қазақ халқының шығу тегі» атты кітабының (физикалық антропологияның мәліметтері бойынша) тұсаукесері болады.

Қазақстандық антропологтың басты еңбегін Ұлттық қауіпсіздік комитеті идеологиялық сенімсіздік тудыратын туынды деп 1977 жылы өртеген (кейінірек ресми түрде ақталды). Қырық жыл өткен соң, қазақ халқының шығу тегі туралы кітап қайта жаңғырды. Бұл Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздікке қол жеткізуінің арқасында мүмкін болып отыр.
Антрополог ғалым Оразақ Ысмағұлов бұл жөнінде былай деп еске алады: «…егер Кеңес Одағы ыдырамағанда, мен тірі қалмас едім …».
Ұсынылған монографиялық басылым тек көп жылдық тарихи-антрорологиялық зерттеулердің нәтижесі ғана емес, Қазақстанның түрлі тарихи кезеңіндегі тұрғындарының қоныс аударуы, этникалық құрамы мен физикалық бейнесі туралы шынайы ақпараттың баға жетпес дереккөзі, сонымен қатар, төрт мың жылдан астам ата-бабаларының мекендейтін жерінде тұрып жатқан қазақ халқының шығу тегі туралы бұлтартпас дәйектер бар.
Сергей Арутюнов, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Армения Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшесі «Оқырманға сөз» деген еңбегінде былай деп атап өтеді: «… Қазақстан қоныстанушыларының физикалық антропологиясы бойынша жүргізілген кешенді зерттеулер бойынша алғаш рет этноантропологиялық дамудың бастауы қола дәуірінің тайпасына жататыны және олардың физикалық кескін-келбеті морфологиялық мұра ретінде қазіргі қазақтардың антропологиялық құрамында 30% сақталғаны туралы тұжырым жасауға болады. Басқаша айтқанда, арада төрт мың жыл өтсе де, ежелгі ата-бабаларымыздың сыртқы пішінінің 1/3 бөлігі сақталған. Сәйкесінше, егемен Қазақстан аумағындағы қазіргі қазақтардың физикалық келбетінің қалыптасуы олардың ежелгі бабаларының антропологиялық негізінде шамамен алғанда ұзақтығы бойынша 40 ғасырды құрайды деп еш күмәнсіз айтуға болады…
… ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқы өзінің әлеуметтік-этникалық құрылымдарының геноцидтік деформациялары кезінде, «ұжымдастыру» мен одан кейінгі сталиндік қуғын-сүргін салдарынан көптеген халқын жоғалтты. Оны Холокоста жылдарындағы еврей халқының немесе Османдық Түркияда орын алған зұлмат жылдардағы армян халқының адам шығынымен салыстыруға болады.
Бүгінгі таңда, осы шығындарды қалыпқа келтіру мен оның антропологиялық тарихын басты назарға алу ақылға қонымды әрі әділетті…»
Антропология саласындағы зеттеулерге 60 жыл өмірін арнаған және халықаралық деңгейде мойындалған қазақстандық антрополог Оразақ Смағұлов пен Айнагүл Смағұлованың ғылыми еңбегі «өзіне ұзақ жол» салды.
Бүгінде бұл еңбек «Рухани Жaңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ерекше мәнге ие.
Кітап төрт бөлімнен тұрады:
Ежелгі қазақ жерінің қонысталуы. Басталуы;
Қазақ халқының шығу тегі мен тарихы туралы Қазақстанның гуманитарлық ғылымдары;
Қазақ халқының физикалық антропологиясын кешенді зерттеу;
40 ғасыр бойы қазақ халқының сыртқы келбетінің қалыптасуы.
Кітап ҚР ҰҒА академигі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың редакциясымен шықты.
Қазіргі уақытта бұл еңбек қазақ және ағылшын тілінде аударылып, баспаға дайындалуда.

Өтетін жері: 2018 жылдың 24 қаңтары, сағат 15.00.
Орналасқан жері: Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі 2. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 259 аудитория — Ғылыми кеңес залы.
Байланыс үшін: Ләйлә Рахманова +7702 3636005

Categories: Все новости

Добавить комментарий