Все новости

Ағылшын тілінің аудармашыға көмегі жайында

Кей қазақ ағылшын тіліндегі жазулар көбейіп кетті, үш тілді болудың қандай қажеті бар деген пікір білдіреді. Бұл дұрыс па? Ағлышын тілінің қазақ тіліне пайдасы бар ма? Пайда болса ол қаншалықты?

Мысалы, қазақ аудармашыларының жұмысы негізінен қазақ пен орыс тілі арасында жүзеге асып жатады. Ағылшын тілі мен қазақ тілі арасында тікелей аударатындар аз. Алайда қазақ тілі мен ағылшын тілінің қисыны да, сөз саптау әдісі де кейде ұқсас келіп, көкірегі ояу, көзі ашық адамға мұның өзі бір көмек.

Мәселен қазақ ‘Құлағым сізде’ дегеннің ағылшын тіліндегі баламасы ‘I am all ears’.  Сондай-ақ, Қазақстан Президентінің Жолдауы десек, ол да Kazakhstan President’s Message яғни сөздердің орны да сәйкес келеді. Сөз үстіне қойылатын апострофтың өзі қазақ тіліндегі –ның, -дың жалғауларының қызметіне лайық. Джек Лондонның White Fang шығармасында she-wolf деген сөздің өзі аналы қасқыр деген ұғымды білдіріп тұр.

Мысалы орысша ‘данный текст’ деген тіркесті кей аудармашылар «берілген мәтін» деп қате аударады. Ал сол орыстың осы сөзін ағылшын тіліндегі ‘this text’ яғни  ‘осы мәтін’ екеніне біз мән бермейміз. Сол сияқты Қазақстанның ресми бекітілген Қылмыстық кодексінде де көп қателер кеткен. Мысалы қылмыстың объективтік жағы, субъективтік жағы, әрекетсіздік (бездействие), үйге кіріп келу терминдері (objective side of the crime, inactivity, penetration into house) ағылшын тіліне қате аударылған. Шынтуайтына келгенде, қай ағылшын тілді елдің қылмыстық кодексін ашсаң да, бұл сөздер мүлдем басқаша — mens rea, omission, trespassing.

Математика пәнін оқытатын мұғалімдер «будет равно» дегенді is equal немесе ‘тең болады’ деп қиындатып жүр. Ал ағылшын тілінде equal деп айтпауға да болады ғой: 2 plus 2  is? 2 multiplied by 3 is — дегендерді қазақ тіліне тіклей алса,  «төрт — қос екінің теңі», «үшке көбейтілген екінің саны» — деп басқаша айтуға болады емес пе?

Демек ағылшын тіліндегі сөздің, ұғымның түпнұсқа мағынасын білген адам қазақ тіліндегі оның баламасын да дұрыс табады. Яғни ағылшын тілін оқыған қазақтың түсінігі анық болады, қателерді жібермеуге мүмкіндік туындайды.

Categories: Все новости

Добавить комментарий