Все новости

Тарихшылардың ұлттық конгресінде Елбасының ‘Тәуелсіздік дәуірі’ еңбегі талқыланды

Астанада 2018 жылдың 19 қаңтарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде V Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі өтті. Онда Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы талқыланды.

Іс-шараға тарих-гуманитарлық ғылымдар саласының көрнекті өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сонымен қатар шетелдік қонақтар қатысты.

– Өздеріңізге мәлім, 2018 жыл ерекше елдік межеден басталды,- деп бастады сөзін. – Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы бізді Қазақстан жолы аясында одан сайын топтастыра түскендей! Бағыт – айқын, іс-шаралар бағдары да белгіленді. Соның ішінде адами капиталға жауапты білім-ғылым саласының мойнындағы жауапкершілік нақтыланды. Жолдауда Елбасы Рухани жаңғыруды да, Тәуелсіздік дәуірі құндылықтары мен қағидаттарын да жеке-жеке жүйелеп айтты. Бәрімізге міндеттер жүктеді, деді Ерлан Сыдықов, Университет ректоры, Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің төрағасы, ҚР ҰҒА академигі.

–Алдымызда мынандай міндеттер тұр. Тәуелсіздік жеңісі мен жемісі Елбасы есімімен тығыз байланысты. Ендеше Нұрсұлтан Назарбаевтың– жаңа мемлекет негізін қалаушы және ұлт көшбасшысы ретіндегі ерен қызметін әлемдік саяси лидерлер қатарында зерттеуді жаңа сатыға көтеру; Президенттің жаңа кітабындаТәуелсіз Қазақстан жолын әлемдік өркениет үдерісі арнасында зерделеудің жаңа әдіснамалық түбірі түзілген. Мамандар осыны жаңа зерттеулердің тұғыры етіп алуы тиіс; Мемлекет басшысының аса маңыздыбастамалары мен идеялары барлық деңгейдегі білім мекемелерінің оқу үдерісіне енгізілгені жөн; Рухани өрлеу мен жаңғыруға тікелей ықпал ететін білім және мәдениет жүйесі «Тәуелсіздік дәуірін» темірқазық етіп алуы қажет; Елбасы еңбегінің негізінде жоғары, арнаулы, орта мектеп оқулықтарының мазмұнын сапаландыру керек.

–Президент айқын, батыл, дәйекті, тиянақты түрде тарихты шынайы жазу әдіснамасын қалыптастырып отыр. Бұл — ғалымдарға да, оқытушыларға да қажет ғылыми ұстын, — деді Ерлан Бәтташұлы. –Маман ретінде айтарымыз: «Тәуелсіздік дәуіріндегі» көзқарас нақтылығы, пікір тереңдігі, тұжырымдама негізділігі, әдістеме ұтқырлығы – бәріміз үшін үлкен рухани олжа.

Бұл кітап мақсат-міндеттерімізді жүзеге асырудың басты әдістемелік құралынаайналатынына сенімдіміз.

Кітап авторы — Отан тарихының бар кезеңін өз басынан өткерген, барлық межеге маңдай тері сіңген көреген қайраткер ғана емес, терең білім мен шыңдалған тәжірибе иесі.

Әдетте «Тарихты тұлғалар жасайды» дейміз. Бұл сөз, ең бірінші, Елбасығақатысты. Қазақ мемлекеттілігі тарихындағыНазарбаев феномені «ғаламдық реформатор», «өз елі мен әлем бақытын тең ойлайтын бірегейгуманист» ұғымын айқындайтынын тану және таныту – саламыздың басты міндеті.

Елбасы әрқашан: «Біздің өз жолымыз бар… Біздің ел – өз заңы, өз жолы, өз келешегі бар ел» дейді.

Ендеше, бүгінгі Қазақстан жолы – қайталанбас жол. Оның Елбасы – елдіктің нышаны, Тәуелсіздік баяндылығының кепілі. Сондықтан Ұлы Дала елініңжаңа тарихын жазудағы ұстанымдар Президент еңбегіндегі тұжырымдардан бастау алып, ізашар ойларын шынайы өрістетуі тиіс, -деп түйді Конгресс төрағасы Ерлан Сыдықов.

Сондай-ақ Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов, ҚР Президенті Архивінің директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Борис Жапаров, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ директорының орынбасары, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рақымжанов, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мейір Ескендіров, жазушы, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Мырзагелді Кемел, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл, «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеген Садықов баяндама жасады.

Конгреске қатысушылар гуманитарлық білім беру негіздері күшейген қазіргі заманның даму жағдайында білім мен ғылымның бірегейлігін және қоғамдағы тарих ғылымының рөлінің қарқынды тұрғыда өрлеуін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ Президенттің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабындағы негізгі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қоғамдық сананы жаңғыртуды және ұлттық рухани өрлеуді нақты жүзеге асыру, ұлттық кодты қайта өрістету, қасиетті орындар бағытындағы зерттеулерді, өлкетану мен архив жұмыстарын күшейту және отандық тарих ғылымы мен білімін дамыта жетілдіру мақсатында жалпы ғылыми және қолданбалық-бағыттама ұстанымдарын келістіре өз ұсыныстарын түзді.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне және ҚР білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелеріне Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынҚР мектептерінде, колледждерде және жоғары оқу орындарында міндетті оқыту жүйесіне енгізу; «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» оқулықтарының авторларына аталған кітап бойынша дербес параграфтар қосуға; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне, ҚР облыс және қала әкімдіктеріне Президенттің жаңа кітабын БҰҰ тілдеріне аударуға ұсыныс жасалды.

Мұның сыртында ел тұрғындарының барлық әлеуметтік топтарына аталған кітапты оқытып-игерту, насихаттау және оның теориялық мағынасын түсіндіру мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға әлеуметтік жобалар беруге; ҚР Сыртқы істер министрлігіне шет елдерде бұл кітаптың тұсаукесер рәсімдерін өткізу; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына аталған кітаптың негізгі мазмұны бойынша жоғары сынып оқушыларына, студенттерге, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, архивтер, музейлер және гуманитарлық бағыттағы ҒЗО қызметкерлеріне, ЖОО оқытушыларына оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу; Дүниежүзі қазақтарының Ассоциациясына ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі»кітабының тұсаукесерін қазақ диаспорасы жинақы тұратын жерлерінде өткізу; Кәсіби қоғамдастық пен қоғамдық ұйымдарға Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі»кітабының тағдыршешті идеяларын қазақстандықтардың барлық әлеуметтік топтарына жеткізуге ықпалдастық жасау ұсынылды.

Сонымен қатар, Тарихшылардың Ұлттық Конгресіне жас ғалымдар арасында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі»кітабының мазмұны бойынша білгірлер конкурс өткізу; кәсіби тарихшылардың назарын отандық тарихтың ең аз зерттелген мәселелеріне бағыттау және осы мақсатта жаңа мұрағаттық материалдар мен жазбаша көздерін: қазіргі заманғы зерттеу әдістерін пайдалану арқылы, соның ішінде пәнаралық бағыттардағы әдіс-тәсілдерді де қамти отырып, шынайы зерттеу жүргізу қажеттілігіне көңіл аударды.

Қорыта айтқанда, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен V Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресіне қатысқан белгілі тарихшы-ғалымдар «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбек туралы өз ой-пікірлерін ортаға салып, ғылыми және оқу жүйесіне енгізу туралы мәнді де маңызды қарар қабылдады.

ҚЫСҚА ҚАЙЫРҒАНДА…

Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл «Тәуелсіздік дәуірі» – «Эра независимости» еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.

«Тәуелсіздік дәуірі» даму мен өркендеудің қазақстандық моделінің символы, — деп есептейді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары мен тарихшылары.

Қазақстанның тәуелсіздігін паш ететін жазба еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады: «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)»; «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)»; «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)»; «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010-шы жылдар)».

Қысқа қайырғанда, жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап, оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері және 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы жағдайлар, оларға байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны егжей-тегжейлі баяндалады. Өйткені оның өзегінде Елбасының тәжірибесі, заманымыздың көрнекті тұлғаларымен болған кездесулер мен сұқбаттар, өз жазбалары мен мұрағаттарының негізінде қалыптасқан жеке пікірі және тұжырымдары, ең бастысы, өз халқының болашағы жатыр.

Біз төменде V Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресінде сөз алған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мейір Ескендіров пен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеген Садықовтың сөзін ықшамдап, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» деген атпен назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.

«ТОҚСАН АУЫЗ СӨЗДІҢ ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІНІ…»

Мейір ЕСКЕНДІРОВ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Кезінде бүгінгі Түркия мемлекетінің іргетасын қалаған Ататүрік тарихи зерттеулерде объективтілік қағидасын ұстанудың маңыздылығын: «Тарихты жазу, тарихты жасаудай маңызды. Жазған Жасағанға адал болмаса, өзгермейтін ақиқат адамды таңғалдыратын сипат алады» деген сөздерімен түсіндірген.Ата түріктің осы аксиомасы Ұлы Дала кеңістігінде Елбасының еңбегімен дəлелденуде. Осы тұрғыда Елбасының «Тəуелсіздік дəуірі» туындысын парақтаудан түйген ойларымды ортаға саламын.

Біріншіден, аталған іргелі еңбекте мемлекетшілдік ұстаным, елдік сана, ұлттық рух ұтымды үйлесім тапқан. Қазақстанның тəуелсіздік шежіресіне көз жүгірткен əр адамға бұл кітап жол бастаушы болары сөзсіз.

Екіншіден, гуманитарлық ғылымдар, оның ішінде отандық тарих ғылымының алдағы міндеттерін айқындау, методологиялық тұрғыдан жаңару Елбасы еңбегінен басталуы тиіс.

Үшіншіден, мемлекетіміздің саяси бағдары, дипломатия, халықаралық байланыстар жəне əлемдік қоғамдастықтағы Қазақстан беделі сынды маңызды мəселелер тарихи танымдық тұрғыда айшықталған.

Төртіншіден, Елбасының жоралы жолдаулары мен үндеулері, мемлекеттік маңызы бар бағдарламалар жəне олардың орындалуы мен нəтижелі көріністеріне осы еңбектен куə боламыз.

Бесіншіден, дербес мемлекеттердің ішінде ел астанасын ауыстырып, жаңадан астана салу сынды батыл қадамға барған елдер сирек. Ал Елбасы бұл күрмеуі қиын күрделі істі сонау 90-жылдардың басында-ақ қолға алды. Бүгінде еліміздің жүрегі Астана барлық жетістіктеріміздің бастауына айналды. Бұл – Мемлекет басшысының есімімен тікелей байланысты тарихи шешім. Елбасы еңбегінде осы игілікті істі əсерлі суреттеген.

Тілеген САДЫҚОВ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне жиырма алты жыл толды. Адам өмірімен салыстырсақ, жалындаған жігіттің жасы, мемлекеттер ғұмырымен таразылап қарасақ, жалт етіп өте шыққан қысқа уақыт тәрізді. Тәуелсіз ел ретінде жасаған дүниелердің құны баға жетпес ерен еңбекке толы жылдар болды. Мемлекетіміз қысқа мерзімде жүз жылға бергісіз даму жолынан өтіп, әлемдік көштің алдыңғы қатарына ілестік. Үлкен тарихи даму жолынан өттік. Бүгін таныстырылымын ғылыми тұрғыда талдап жатқан Тәуелсіз еліміздің бас кітабы — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі»еңбегі соның тарихи айғағы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің жалпы тарихына деген өз көзқарасын үнемі білдіріп келеді. Мемлекет басшысы тарапынан Қазақстан халқы мен тәуелсіз мемлекет тарихын жаңа контексте жазуы отандық тарихтың дүниежүзілік тарих ғылымына етене интеграциялануына тағы да жол ашты. Еліміздің ғылыми күштерінің, ғылыми және білім беретін мекемелерінің әлеуетін бір арнаға топтастыруда басты миссия атқаратыны сөзсіз. Тәуелсіздіктің жетістіктері мен жеңістерін әлемдік деңгейде көрсетуге және жан-жақты насихаттауға жаңа мүмкіндіктер туғызды.

Елбасы қаламынан туған«Тәуелсіздік дәуірі»еңбегінің әдіснамалық тұрғыда құндылығы айқын:

Біріншіден, ұлттық тарихты насихаттауда тарихи публицистика жанры толық дамымай келеді. Осы тұрғыда тарихи публицистиканың жарқын үлгісі, тарихты баяндаудың көркем әдісі осы еңбек арқылы көрініс тапты;

Екіншіден, Қазақстанның жаңа тарихы – ұлттық тәуелсіздіктің құндылықтары, яғни қазақстандық құндылықтар – ұлттық бірлік, тұтастық, экономикалық еркіндік, құқықтық теңдік құндылықтары айқындалған;

Үшіншіден, Қазақстанның ұлттық жаңғыруының мән-мағынасы ашып көрсетілген. Студенттерге, жас зерттеушілерге Ұлттық жаңғыру дегеніміз не және оның миссиясы қандай? Ұлттық жаңғыру не үшін керек? Ұлттық жаңғыру қалай жүзеге асырылады? деген сауалдардың жауабын ашып, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін ұлттық жаңғыру кезеңдері контексінде зерттеудің бағыттарын көрсетіп берген;

Төртіншіден, «қазақстандық жолдың», «қазақстандық үлгінің» қалыптасуы мен дамуы, ұстанымдары мен қозғаушы күштері айқындалған, анықтамасы берілген;

Бесіншіден, «Тарихи әділеттілік салтанаты», «Тұғыры берік мемлекеттік құрылым», «Басты құндылығымыз — бейбітшілікті қастерлей білдік», «Жаңалықтың жылы лебі және қайта түлеген дәстүр», «Сыртқы саясат: тыңға түрен салғандай…», «Қияға көз тіккен Қазақстан барысы», «Баянды болсын Бас қала!», «Саяси тұрақтылықтың жемісі», «Тәуелсіздік рухымызды шыңдады», «Біз әлемдік дағдарыс сынағына төтеп бердік», «Бұрын-соңды болмаған зияткерлік өрлеу» және т.с.с. бөлімдердің атауы дипломдық, магистрлік, докторлық диссертация тақырыптарына арқау бола алады;

Алтыншыдан, Елбасының жаңа тәуелсіз мемлекетті қалыптастырудағы ерен еңбегі мен кемеңгерлігі негізінде тұлғаның тарихтағы орны мен рөлі мәселесін ашуда әдіснамалық негіз бола алады;

Жетіншіден, қазақстандық дип­ломатияның, еліміздің геосаяси әлеуетін, көпвекторлы сыртқы саясаттың қырлары мен сырларын сараптап, талдау үшін әдіснамалық нұсқаулық болып табылады.

Сегізіншіден, еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің формуласын Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің үлгісінде зерттеудің бағыт-бағдарын көрсетіп берген.

Тоғызыншыдан, Қазақстанның ірі ха­лы­қ­­­аралық ұйымдарды: ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ, ЕАЭО, Түркі кеңесі төр­аға­сы ретінде бас­қа­ру­дың әдіс-тәсіл­дері ұсынылды және олар студенттер мен зерттеуші-ізденушілер үшін ғылыми – қолданбалы маңызға ие. Бұл қадамдар Қазақ­стан Республикасының БҰҰ Қау­іпсіздік Кеңесінің тұрақ­ты емес мүшесі ретінде тағай­ын­да­луына алғышарт болды.

Categories: Все новости

Добавить комментарий