Все новости

Қазақстан мен Франция «Абай-Верн» стипендия бағдарламасын құрды

Студенттерге арналған жаңа бағдарлама екі елдің әйгілі жазушылары Абай Құнанбаев пен  Жюль Верннің құрметіне аталды. Бұл туралы 2018 жылғы білім беру көрме барысында айтылды.

««Абай-Верн» бағдарламасының тұсауы кесілгенін жариялауды өзіме үлкен мәртебе санаймын. Студенттердің екі елде оқуына арналған бұл бағдарламаны Франция Үкіметі мен Қазақстан халықаралық бағдарламалар орталығы қаржыландыратын болады», — деп хабарлады Филипп Мартинэ, Францияның Қазақстандағы Елшісі.

Оның айтуынша жылына 100 стипендия көзделген. Оның 90 екінші курс оқитын магистранттар арасында таратылады, ал 10 — докторанттарға арналған.

Франция Елшісінің сөзіне қарағанда, бүгінде Франция шетелдік студенттерді оқыту көрсеткіші бойынша әлем рейтингісінде төртінші орында (алғашқы үштігі — США, Ұлыбритания және Австралия). Қазірдің өзінде Францияда 310 мың студент оқиды екен. Оның ішінде 600 жуығы қазақстандықтар.

Categories: Все новости

Добавить комментарий