Все новости

Қазақ-Британ техникалық университетінде Елбасының жолдауы талқыланды

22 қаңтарда Қазақ-Британ техникалық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы талқыланды деп Қазақ-Британ техникалық университетінің Баспасөз орталығы хабарлайды.

Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Кенжебек Ибрашев төрағалық еткен жиында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі, әсіресе оқу орнының қызметіне қатысты тармақтары, қызығушылықпен талқыланды.

 

 

 

 

Қазақстандықтардың 2018 жылы күтіп тұрған маңызды міндеттер қаралып, Қазақ-Британ техникалық университетінің қызметкерлері елімізде кез келген жастағы азаматтарды қамтитын озық білім беру жүйесін құру идеясын қолдады.

Добавить комментарий