Все новости

12 жасар Абзал Мырзаштың әліпбиі жайында

ҚР БҒМ Ғылым комитеті А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 12 жастағы вундеркинд Абзал Мырзаштың қазақ-латын әліпбиіне қатысты арнайы жауап берді.

Абзал

Мырзаш Абзал Дәуренбекұлы Қазақ-Британ Техникалық Университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің 1-курс студенті.
Алғашқы Қазақ-Латын әліпбиі ретінде жасаған өз нұсқасын 18.09.2017 жылы Елбасына жолдаған көрінеді.

Абзал өз жобасында кириллицадағы қазақ әліпбиінің 42 әрпін сақтауға тырысыпты. Себебі, Абзал 42 әріпті сақтамаған жағдайда қазақ жазушыларының, ақындарының, тарихшыларының, ғалымдарының, филологтарының өткен ғасырдан бастап осы кезеңге дейінгі орны толмас еңбектері мен шығармаларын қазақ-латын әліпбиіне көшіру мүмкін болмайтынын ескерген екен.

Өйткені, өзге тілдерден енген термин сөздер өте көп және қазақ тіліне, қазақ тарихына, қазақ ғылымына, қазақ әдеби шығармашылығына және қазақтың күнделікті өміріне сіңген және қазақ тілінде қалыптасқан сөздерден тұрады.

Әрине, кириллицадан енген әріптер қазақ тілінде бұдан былай сирек қолданылатын болады. Бізге орыс тілінің әріптері керек емес деуге болады. Дегенмен, ана тіліміздің сөздік қорын арттыру үшін біржолата бас тартуға да болмайды. Оған себеп, өткен ғасырдағы тарихты сол күйінде бейнелеу үшінде керек екенін ұмытпағанымыз жөн болар, дейді Мырзаштың әкесі Дауренбек.

Оның айтуынша, қазақтың кириллицадағы 42 әрпін бір әріп, бір дыбыс ретінде жасауға латын әліпбиіндегі 26 әріп таңбалары жетпейді. Әрине, бір әріп бір дыбыс болғаны жақсы болар еді.

Бірақ, Елбасының негізгі тапсырмасы компьютердің, планшеттің және смартфонның пернетақтасына (клавиатурасына) ыңғайлап, қазіргі заман талабына сай болатындай, латынның 26 әрпінен Қазақ-Латын әліпбиін жасау болғандықтан, Абзал Дәуренбекұлы өз үлесін қосу үшін өзі жасаған Қазақ-Латын әліпбиін ұсынған еді.

Сондықтан, Мырзаш Абзал Дәуренбекұлы өз жобасында өзге тілдерде кездеспейтін қазақтың 9 төл әріптерінің бесеуін (Әә, Ғғ, Өө, Үү, ң) диграфпен (Ah ah, Gh gh, Oh oh, Uh uh, nh), ал, төртеуін (Іі, Ққ, Ұұ, h) 1 әріп — 1 дыбыс (Ii, Qq, Ww, Xx) ретінде және қазақ әліпбиіндегі өзге ұлттармен ортақ 2 әріпті де (Ж, Ш) диграф (Zh zh, Sh sh) ретінде қолданған еді.

Сонымен қатар, Абзал орыс тілінен және шет тілдерінен енген сөздердегі дыбыстардың бесеуіне (Ёё, Чч, Ээ, Юю, Яя) диграф (Yo yo, Ch ch, Ye ye, Yu yu, Ya ya), біреуіне (Щщ) триграф (Sch sch), жуандық және жіңішкелік ретіндегі екі таңбаға (ъ/ь) апострофты қолданды.

Апострофты барлық әріптерге қолданғанға қарағанда, диграф ретіндегі қолданыс әлдеқайда тиімді және қолайлы.

23.01.2018 жылы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан Абзалға жауап келді.

Это слайд-шоу требует JavaScript.

Төменде Абзалдың нұсқасы бойынша жазылған ҚР мемлекеттік әнұраны ұсынылады.
Qazaqstan Respubljkasynynh memlekettik ahnwrany

Sohzin zhazghandar: Zhwmeken Nahzhimedenov, Nwrswltan Nazarbaev
Ahnin zhazghan: Shahmshi Qaldayaqov

Altyn kuhn aspany,
Altyn dahn dalasy,
Erliktinh dastany,
Elime qarashy!
Ezhelden er degen,
Danhqymyz shyqty ghoj.
Namysyn bermegen,
Qazaghym myqty ghoj!

Qajyrmasy:
Meninh elim, meninh elim,
Guhlinh bolyp egilemin,
Zhyrynh bolyp tohgilemin, elim!
Tughan zherim meninh — Qazaqstanym!

Wrpaqqa zhol ashqan,
Kenh baitaq zherim bar.
Birligi zharasqan,
Tahuelsiz elim bar.
Qarsy alghan uaqytty,
Mahnhgilik dosyndaj,
Bizdinh el baqytty,
Bizdinh el osyndaj!

Qajyrmasy:
Meninh elim, meninh elim,
Guhlinh bolyp egilemin,
Zhyrynh bolyp tohgilemin, elim!
Tughan zherim meninh — Qazaqstanym!

Қазақстан республикасының мемлекеттік әнұраны
Qazaqstan respubljkasynynh memlekettik ahnwrany

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазғандар: Шәмші Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Categories: Все новости

Tagged as:

1 reply »

  1. Уведомление: essayforme

Добавить комментарий