Все новости

Заманауи талаптарға сай болу – сапалы білім беру кепілі

Ленинград ауыл шаруашылық колледжінің (СҚО) директор орынбасары А.Копеев оқу орнының құрылғанына жарты ғасыр болғанын айтып, қазіргі кезде қандай іс-шаралар атқаралып жатқанын  баяндайды.

Ленинград ауыл шаруашылық колледжінің пайда болған бірінші күнінен бастап техникалық мамандар мен кәсіптік білім беру бойынша мемлекет экономикасын қанағаттандыруда. Біздің колледж «Қазақстан – 2050» стратегиясы бойынша негізгі индурстриалды-инновациялық бағыт, модернизациялық білім беру жүйесі, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесімен тығыз байланыста болып елімізді дамытуда. Тиісті талаптарға сай алға ұмтылуда және мемлекеттік саясатты қазіргі заманға сай жүзеге асыруда.

Ақжар ауданындағы Ленинград ауыл шаруашылық колледжде жалпы орта білім негізінде ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист, есепші, электрондық есептеу машинасының (ЭЕМ) операторы мамандары мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытулыда. Сондай-ақ «В», «С» санатты жүргізушілерді, тракторшы-машинист, ЭЕМ операторларын даярлау жөніндегі қысқа мерзімді курстар жүргізуліде.

Білім сапасы деңгейінің жоғары болуы және мамандарға заман талабы сай жаңа технологиялармен білім беру үшін колледжде қажетті  материалдық-техникалық база жабдықталған. Атап айтсақ, әдістемелік орталық, бейіналды дайындық,психолог, мультимедия кабинеттері, заманауи компьютерлік сыныптар, медициналық блок, мәжіліс, спорт,оқу залдары мен кітапхана, слесарлық, тігін және көлік істері жөніндегі оқу зертханасы жұмыс істеп тұр. Соңғы 5 жыл ішінде техникалық парк жаңа техникалармен жаңартылып, «ГАЗель», «Шевроле» автокөлігі, «Енисей» комбайны, «МТЗ-82»тракторы, сепкіштер алынды. «В», «С» санатты жүргізушілерді оқытуға арналған «КамАЗ», «ГАЗ-53», «ВАЗ-2107» автокөліктері бар.

Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық оқу орындары жүйесін жаңғырту өзекті міндеттердің  бірі ретінде қарастырылуда. Бұл міндеттерді шешуде білім беру бағдарламалырын оқытудың мазмұндық құрылымын жаңарту басымдыққа ие.

Біздің оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері осы бағытта жұмыс істеуді қолға алған. Олар авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдарды жаңарта отырып, қашықтықтан білім беруге қатысады. Колледждің өндірістік оқыту шебері Сәуле Бекжанова «Есептеуіш  техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша әдістемелік құралдар және нұсқаулық-технологиялық карталар құрастырды. Өндірістік оқыту шеберлері Сәуле Бекжанова мен Әйгерім Көпеева оқушылардың білім сапасын бағалау кезінде бірлесіп құрылған тестті пайдаланады.

2014 жылы жастардың академиялық ұтқырлығын арттыру мақсатында  « Мәңгілік ел жастары – индустрияға » Серпін — 2050» жобасы бастау алды. Кәсіптік-техникалық білім алу және одан әрі өндіріске жұмысқа орналасуға ықпал ету арқылы жүзеге асырыла бастаған жобаға Ленинград ауыл шаруашылығы колледжі белсенді қатысады. Бүгінгі білім ошағында Оңтүстік Қазақстан облысынан келген 24 ұл мен қыз «Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алуда. Мамандық таңдауда оларды Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы қызықтырады.

«Мәңгілік ел индустрияға» Серпін — 2050»  бағдарламасы бойынша оқитын студенттер – білім ошағында өткізілетін іс-шаралардың белсенді қатысушылары. Ақмарал Тлеумұрат, Ернар Азберген, Қаныбек Құрманбай сынды студенттер Шучье қаласында өткен республикалық көшбасшылар семинарына қатысса, тағы бірқатары-аудандық және облыстық «Жайдарман» ойындарының жүлдегерлері. 2017 жылы Есіл ауданында өткен облыстық «Жас сұңқар» волейбол жарысына дене шынықтыру пәні оқытушысы Дарбаев А.Ж жетекшілігімен ер балалар мен қыздар қатысты. Жарыстың нәтижесі бойынша ер балалар 1 орынға, қыздар 2 жүлделі орынға ие болды. Осы жылы облыстық ғылыми-техникалық форумына өндірістік оқыту шебері Сәуле Бекжанованың жетекшілігімен 2 курс студенті Абдрашит Айбек қатысып, 1 жүлделі орынға ие болды.

Жастарға кәсіптік-техникалық білім беру, заман талабына сай бәсекелестікке төтеп бере алатын, жан-жақты іскер жұмысшы мамандарда даярлау – бүгінгі күннің басты талабы. Колледжде үстіміздегі оқу жылынан дуалды оқыту енгізілген. Дуалды оқыту технологиясына сәйкес бірқатар пәндер бойынша оқу жүктемесінің практикалық көлемі екі есеге ұлғайтылды.

Өндірістік тәжірибе дуалды білім беру жүйесінің ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. «Компания Диорит -LTD», «Ақтөбе-GLASS» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен, «Еркетай» балабақшасымен, «Жанабаев Б.Т.» жеке кәсіпкерліктерімен, Ленинград ауылдық округі әкімдігімен, Ленинград №1, №2 орта мектептерімен колледж арасында ұзақмерзімді әріптестік орнатылды. Олар оқушыларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін өндірістік-технологиялық, тәжірибелік жұмыстарын өз жауапкершілігіне ала отырып, студенттерді жоғары білікті мамандар арасынан тәлімгер-нұсқаушыларымен қамтамасыз етеді.

Біліктіліктің жоғары деңгейде оқыту жұмысына оң ықпал еткен Сәуле Бекжановаға КЕАҚ « Штаттан тыс тренер »  «Кәсіпқор» холдингі статусы берілді. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Амангелді Көпеев – «Ы.Алтынсарин», өндірістік оқыту шебері Серік Мұқашев «Алтын қол шебері» және 2016 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік жұмыстарға белсене қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 2017 жылы оқу-өндірістік ісі жөніндегі директордың орынбасары  Амангелді Көпеев қараша мен желтоқсан айларында Ұлы Британия елінде біліктілікті арттыру курстарына қатысып, шетелдік әріптестерінен алған тәжерибені қолдануға әзір. Сонымен қатар колледждің педагогикалық ұжымы республика және облыс деңгейінде өтетін біліктілік курстарына жоспар  бойынша белсенді қатысады.

Колледж ауданның қоғамдық өмірінде үлкен маңызға ие және көптеген жылдар бойы ауыл үшін мамандар дайындауда. Биыл «Ленинград ауыл шаруашылық колледжінің» құрылғанына жарты ғасыр. Осы жылдар ішінде оқу орнын 20 мыңға жуық ауыл шаруашылық мамандығын бітіріп шықты.Түлектеріміздің кейбіреуі бүгіде өзімізде қызмет істеп жүр, оның бірі Алғашқы Әскери Дайындық пәнінің оқытушысы Алин М.О., Өндірістік оқыту шебері Әйгерім Көпеева. Біздің колледждің есігі барлық мемлекеттің кәсіптік-техникалық мамандық иесі болуға ұмтылатын түлектерге әрқашанда ашық.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

«Ленинград ауыл шаруашылық колледжі»

КММ-нің директордың

оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары

А.Х. Копеев

Categories: Все новости

Добавить комментарий