Все новости

Сорбонна-Қазақстан Институтының дипломдары берілді

Бүгін 25 қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна-Қазақстан Институтында  «Сорбонна Париж Сите» бірлестігінің мүшелері – Университеттерінің дипломын тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

Екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша 2015-2017 жж. білім алған 22 магистрантқа «Сорбонна Париж Сите» бірлестігінің мүшелері – Университеттерінің дипломын тапсыру салтанаты  аяқталды.

2014 жылы Абай татындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті мен Сорбонна Париж Ситэ бірлестігімен ынтымақтастық аясында екі ел президенттерінің қатысумен Сорбонна-Қазақстан институты құрылды.

Бұл жоғары білім мен ғылым саласындағы ауқымды ортаазиялық жоба, бакалавриат және екідипломдық магистратура бағдарламалары бойынша кадрларды француз тілінде даярлауға бағытталған:

— бакалавриат бойынша бірлескен қазақстан-француз бағдарламалары: «Менеджмент», «Маркетинг», «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық», «Психология», «География»;

— магистратура бойынша екідипломдық қазақстан-француз бағдарламалары: «Жаһандану кезеңіндегі халықаралық келісім диалог» (Халықаралық қатынастар) және «Қазіргі әлемдегі өзгерістерді басқару» (Менеджмент).

Түлектерге диплом тапсыру салтанатты рәсіміне: Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартине, Алматы қаласындағы Францияның Бас Консулдығында университеттік ынтымақтастық істері жөніндегі дипломатиялық қызметкері Жиль Мамец, Париж-Дидро Университетінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті Антуан Казе, Шығыс тілдері және өркениеттері ұлттық институтының (INALCO) халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті Анн Гринберг, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры м.а. Мақтағали Бектемесов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Сорбонна-Қазақстан Институтының содиректорлары Гүлмира Нурлихина, Мари-Анн Серв қатысады.

Диплом тапсыру рәсімі аяқталғаннан кейін Сорбонна-Қазақстан институтының қонақтары мен түлектеріне арналған мерекелік концерт күтілуде.

Добавить комментарий