Все новости

Мұғалімдер ағылшын тілін меңгерді

Заман талабына байланысты ағылшын тілін меңгеру қажеттілік болды. Ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, ақпараттық технологияның, компьютер технологиясының кілті.

Үш тілді оқып үйрену жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына, әлемдік ғылыми құпияларды өздігімен меңгеруге жол ашады. «Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілін дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз» деген ұғыммен Екібастұз қаласындағы орыс, қазақ мектебінде сабақ беретін физика, химия, биология, информатика пәндерінің бір топ ұстаздары мамыр айынан бастап үш тілдікті қолдау мақсатында жаңа талапқа сай ағылшын тілін меңгердік, нәтижесінде А1212 деңгейіндегі сертификаттарға ие болдық.

«Облыстық көп салалы дарынды балаларға аргалған көптілді лицейінде» өткізілді. Қазақстан Республикасының Білім жәіне ғылым министрлігінің қолдауымен Астана қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ASBT THE ASTANA SCHOOL of  BUSSNES AND TECHNOLOGY» ұйымдастыруымен қаламызда алғашқы ағылшын тілін меңгерген 66 ұстаз тағы бір деңгейге көтерілді. Үлкен жауапкершілікпен білімді жас маман Нұржан Абильдахановтың еңбегі зор болды. Ол «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көп тілді лицейінің» ағылшын тілі пән мұғалімі білімді жас маман, жаңа технологияның қыр-сырын орынды қолдану арқылы әртүрлі жастағы ұстаздарға ағылшын тілін меңгертті. Намыс пен жігерімізді оятты, пәнді ағылшынша меңгерудің жолдарын көрсетті, тілді меңгеруге құлшыныс пайда болды. Әр пән мұғалімі оқушыға қажетті білімді өз деңгейінде сабақ бере алатынына сенімдімін. Тілдік сөздік қорымызды молайттық, мұғалім ретінде сабақтың құрылымын, әдіс-тәсілдермен білім сайтын қолданып, есеп шығарумен мен деңгейлік тапсырмларды ақпараттық технологиялар арқылы тест жасаудың түрлерімен таныстық. Нәтижесінде сөздік қорымызбен, сабақ жүргізілуі арқылы дамытамыз, күнде жаттығамыз деген ой түйдім.

Қорыта келгенде тілді меңгеру қай жаста, қай уақытта да, қай ұлттық адамы болсаңда кеш емес екен. Алайда, егер дәл осындай курстар ұйымдастыру үшін, грамматикасынан бұрын пән бойынша ағылшынша сабақтар көп болса дейміз.

Зауреш ТУРУМТАЕВА, Екібастұз каласының №36 МЛ физика пәнінің мұғалімі, Павлодар облысы

Добавить комментарий