Все новости

Білікті химик қашанда қажет

Химияның адам өміріне пайдасы немесе зияны тұрғысында емес, бұл салаға деген сұраныстың күн өткен сайын артып отырғандығында. Иә, химия саласы даму үстінде, күнде түрлі жаңалық ашылуда. Бұл салада маманға деген сұраныс та жоғары. Әрине, білікті әрі білімді химик қашанда қажет болмақ, дейді М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы Дилбар Кулбаева.

Химиялық құбылыстарды біз күнделікті өмірде сәт сайын байқаймыз. Тіпті химиясыз күнімізді елестетуіміздің өзі қиын. Күнделікті жуынып-шайыну құралдары, гигиеналық заттар, қолданыстағы кез-келген дүние, тіпті жейтін ас-ауқатымыздың да түр-түсін әдемілеп, пішінін келтіру үшін де химиялық қоспалар қосылады. Демек, химия өмір сүру дағдымызға терең сіңді деген сөз. Жұмысымыз да жеңілдей түскені шындық.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасы 5В060600-Химия, 5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтарынан бакалавр, магистр және «Наноматериалдар және нанотехнология» мамандарын, химия мамандығы бойынша РhD докторларын даярлайды.
Қазіргі уақытта президентіміз Н.Ә. Назарбаев химиялық технология өндірісіне және жастарды жұмыспен қамтуға үлкен назар аударуда. Жамбыл облысында Ресейлік ЖШС «Kaz energy» ұйымы атынан шағын химия- технологиялық өндіріс зауыдтарына жас мамандар талап етуде. Зауыдтар жаңа инновациялық технологиямен қамтылады және автоматтандырылған қондырғылармен жұмыс жасайды. «Kaz energy» компаниясы дегеніміз, Қазақстандағы іргелі жоғары оқу орындарында әрбір мамандықтарда үздік оқитын белсенді студенттердің оқу ақысын төлеп беретін компания болып табылады.
Сондықтан Жоғары оқу орындарының ішінде М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде технологиялық факультетінің бірнеше мамандықтары ендірілген, сол мамандықтардың ішінде біздің кафедраның химия, бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтарының студенттері де қатыса алады.
Жас мамандарды Ресейге зауыттың технологиясы бойынша 6 ай мөлшерінде оқытуға жіберіледі.
Сонымен қатар, 2017 жылы Жаңатас қаласында орналасқан Еврохим-Қаратау компаниясымен келісімшартқа отырдық. Соның негізінде біздің студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, кәсіптік тәжірибеден өтуге мүмкіндік алып отыр. Міне, мұның барлығы студенттерге, жас мамандарға беріліп отырған үлкен мүмкіндік.
Химияны зертханасыз елестету мүмкін емес. Біздің де студенттеріміз өз уақыттарының басым бөлігін зертханада ғылыми-зерттеу жұмыстарына арнайды. Түрлі тәжірибелер жасау арқылы, әрқайсысы өз жобаларын, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл оларға үлкен шабыт сыйлап қоймай, салаға деген қызығушылығын арттыра түсері сөзсіз. Біздің зертхана озық жабдықтармен қамтылған, жыл сайын жаңартылып, жаңа құрылғылармен толықтырылып тұрады.
Нағыз химия саласының маманы болу тынымсыз ізденісті талап етеді. Бұл сала қай елде, қай жерде болмасын қажет және маңызды орынға ие. Университетіміздің білікті мамандары өз саласының майталмандары десек артық болмас. Олардың жетекшілігімен жыл сайын студенттеріміз халықаралық, республикалық деңгейдегі олимпиадалардан жеңімпаз атанып, үмітті ақтап келеді.
Мамандық таңдау әр адам өміріндегі жауапты сәт. Жас талапкерлерге айтарым, өз жүрек қалауыңызға құлақ түріп әрекет етіңіз. Сіздің болашақ мамандығыңыз тек болашақ жұмысыңыз ғана емес, елімізге тигізер үлесіңіз де біліктілігіңізге байланысты болмақ. Ал білікті химик, осы саланың нағыз маманы болғыңыз келсе дұрыс таңдау жасаңыз.

Categories: Все новости

Tagged as: ,

Добавить комментарий