Все новости

Дамудың жаңа бағыттары

Қазіргі кезеңде дүниежүзіндегі дамыған елдер төртінші өнеркәсіптік революция дәуірін жаңа технологиялық өзгерістер арқылы қарқынды дамып келеді. Өнеркәсіптік ревалюция адам өмірінің сан-саласын қамтып, ол ендігі жағдайда адам баласының ақыл-ой санасынада, тұрмысы мен ғұрпынада, тұтас әлемге деген көзқарастарына да, таным-түйсіктерінеде өзгерістер әкеледі, деп пайымдайды профессор, философия ғылымдарының докторы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚБАИ кафедра меңгерушісі Б.Кожамберлиев.

Алдағы уақытта өнеркәсібі қуатты дамыған елдер ғана эконимикалық саясатты айқындап, өз дегендерін жүзеге асыруға ұмтылады. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында атап көрсетілген, ел алдына қойылып отырған 10 міндет өз маңызын ешқашанда жоймайды.
Аталып отырған 10 міндетте еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, рухани жаңғыруы, әлемдік саясатта өз орнымызды тауып орныға түсуіміз, «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленген реформаларды жүзеге асыру мәселелері қамтылған.
Тәуелсіз елімізде «Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламасында қойылған мақсат пен міндеттерді орындау жолында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.
100 нақты қадам – Ұлт жоспары мақсатты түрде жүзеге асырылуда. Біздің елімізде «Қазақстандық үлгіге» негізделген нарықтық экономика моделі қалыптасты. Орта және шағын бизнес дамып келеді. Еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызға дейін төмендеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қоғамда қызу пікір талас тудырып, оң нәтижеге қол жеткізе бастадық.
Қоғамның негізгі құндылықтары азаматтық бейбітшілікке, ұлт аралық және конфессия аралық келісімге қол жеткіздік. Бұл үлкен жетістік. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері сыртқы саясатында көп векторлық саясат ұстанып келеді. Соның нәтижесінде біз 2017 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болдық. Мұндай жетістікке ТМД елдерінің бірде-бірі қол жеткізген жоқ. Бірақ қоғам бір орында тұрмайды. Ол әрқашанда дамып отыру керек. Біздің елімізгеде дамудың жаңа сапасы қажет.
Дамудың жаңа белестері ретінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына жедел ену үшін тарихи мүмкіндігімізді пайдаланып жүзеге асырылуға тиісті 10 міндетті атап өтті.
Елбасымыз алға қойған міндеттердің барлығыда қоғамның экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік жақтарының өзекті мәселелерін қамтиды. Басты міндет біздің еліміз жедел түрде индустрияландыру мен жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
Қазіргі кезеңде кең қолданысқа ие болған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы өз нәтижесін беретіндігіне сенімдіміз. Білім саласында қызмет еткеннен кейін осы саладағы мәселелерді Елбасымыздың қойып отырғаны бізді қуантады және жігерлендіреді. Елбасымыз биылғы жолдауда қойған 7-ші міндетінде білім саласында адами капиталды жаңғырудың негізі ретінде қарау керек екендігін атап өтті. Соның нәтижесінде ғана білім берудің жаңа сапасына қол жеткізе аламыз.
2016 жылдан бастап білім беру жүйесінде енгізіле бастаған жаңартылған бағдарламаларды одан әрі жалғастыру міндеттеліп отыр. Сонымен қатар білім беру бағдарламаларының негізгі басымдылығы өзгерістерге бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыта беру қажеттілігі атап өтілді. Білім беру ісінде өзіміздің де озық жүйемізді қалыптастыруымыз қажет. Білім беру ісіндегі негізгі субьект мұғалімнің беделі мен алатын орнына көңіл бөлу қажеттігі атап өтілді.
Мұғалім жаңа технологияларды игере білуі үшін үнемі ізденісте болуы тиіс. Сондықтан да мұғалімнің әлеуметтік жағдайына да көңіл бөлінуі керек екендігі айтылды. Мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға көбейтіледі. Бұл ұстаздар қауымына көрсетілген көмек деп есептейміз.
Сонымен қатар ұстаздарға үлкен міндеттерді жүктейді. Жаңартылған оқу бағдарламалары халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұл оқу бағдарламасы оқушыларға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.
Осы жылдан бастап санаттар арасындағы алшақтықтар арттырылып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін санаттардың жаңа кестесі жасалынады. Яғни мұғалімдерге санаттылық халықаралық стандарттарға сәйкес, әлемде қолданып жүрген ұлттық біліктілікт тест арқылы беріледі. Осы арқылы мұғалімдер өздерін ұдайы жетілдіруіне ынталандыратын болады.
Елбасымыз «Үш тілділік» мәселесінің де күн тәртібінен түспейтіндігін атап өтті. Елбасымыз атап өткендей: «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде». Әлемдік тілдерді білуінің арқасында біздің жастарымыз елімізде және әлемнің кез келген елінде өмір сүріп, жұмыс істей алады. Жалпы алғанда Елбасымыздың Жолдауынан туындайтын мақсат пен міндеттерді орындау жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.

Добавить комментарий