Все новости

Бейнеу мектебінің инновациялық жобасы тілге де, асқазанға да пайдалы

Маңғыстау  облысында  Бейнеу  ауданы бар. Сол Бейнеу ауданында  Бейнеу  орта  мектебі жаңа  заман  талабына  сай,  бәсекеге  қабілетті,  технологияларды толық меңгерген  мамандармен  жақсы қамтылған. Бейнеу орта мектеп директорының орынбасары Аюпова Орынгүл Шомаққызы редакцияға хабарласып, ол туралы баяндап берді.

Мектепте «Идеялар  тақтасы» стратегиясы ұйымдастырылған екен. Тың  идеяларды басшылық  қолдап, жұмыс  қарқынды  түрде  жүзеге асады. Соның бірі  «Фитобар». Бастаманы ұсынған биология  пәнінің  мұғалімі  Шаханова  Сәуле  Құрманбайқызы  мен  жас  маман  Қосщиева  Малика  Махсотқызы. Жоба  Елбасының «Болашаққа  бағдар:  Рухани  жаңғыру» бағдарламасын іске  асыру аясында ұйымдастырылған.

Жоба бойынша өлкеде өсетін  өсімдіктер кәдеге жаратылады, өйткені олар  денсаулыққа өте пайдалы, иммунитет көтереді және тонусты жақсартады. Әрі созылмалы  аурулардың  алдын  алады.

Фитобар аптасына алты күн жұмыс істейді екен. Мәзіріне қарағанда киікоты, өт айдайтын шөптер, фитошай, жантақ, қалақай т.б. өсімдіктер жиынтығынан әзірленетін шай түрлері бар. Емдік қасиетімен қатар, ширақтықты сыйлайтын бұл шайларды кез келген уақытта ішуге болады.

Алдағы уақытта «Жасыл желек» тобы көктемнен бастап, мектеп ауласында өсетін жолжелкен, сораң, жантақ, адыраспан шөптерін теруге шықпақ. Оны жуып, кептіріп, тазалап, келесі жылы жыл бойы пайдаланамыз деп жоспарлап отыр.

Осы  жобаның белсенділері атқарып жатқан игі іске қызығушылықпен қарап, ғылыми – зерттеу жолын қуыды да ойластырады.

Ендеше іске сәт! Денсаулығымыз мықты болсын, ағайын!

 

 

Добавить комментарий