Все новости

Оқушылар арасында жас маңғыстаулықтар алдыңғы қатарда

1-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы

2018 жылғы 29-31 қаңтарда Ақмола облысы, Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 1-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті.

Оқушылар 8 секция бойынша өз жұмыстарын қорғады. Нәтижесінде Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің  4 сынып оқушылары Таңатар Думанбек пен Әлімбай Рамазан математика, информатика секциясы бойынша «Тез есептпеу әдістері» тақырыбымен, Жаңаөзен қаласы, Жаңаөзен мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы Изтұрған Райан медицина, психология секциясы бойынша «Білімділік сенімділікке апарады» тақырыбымен көзге түсіп, аталған оқушылар І орынға ие болды.

Маңғыстау облысынан 21 оқушы қатысып, оның  3-уі І-орын, 8-і ІІ орын, 10-шы ІІІ жүлделі орынды иеленіп, командалық орында алға шықты.

Бұл көрсеткіш үш жыл қатарынан жалғасып тауып келеді. Өткен 2016-2017 оқу жылында да облысымыздан республикалық кезеңге  21 оқушы қатысып, оның 18- жүлдемен оралған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маңғыстау облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығының ғылыми-инновациялық жұмыстар зертхана басшысы Қуатова Несібелі Қыдырғалиқызы

Categories: Все новости

Добавить комментарий