Все новости

Павлодарлықтардың беделді жеңісі (екі тілде)

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру  орталығында (Щучинск қ.) 2018 жылғы 29-31 қаңтар күндері 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жұмыстары мен ғылыми  жобалары конкурсының  республикалық кезеңі  өтті. Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен қатысқан 420-дан астам жас ізденушілердің ішінде Павлодар облысының 19 оқушысы болды. Жас дарындарымыз математика, информатика, физика, техника, психология, химия, биология, экология, әдебиет, тіл білімі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану бойынша 15 жобаны ұсынды.

Конкурс қорытындысы бойынша Павлодар облысының командасы 8 бірінші, 5 екінші, 6 үшінші жүлделі  орындарды жеңіп алып, 100% қатысу сапасын көрсетті.

І орынды «валеология және экология» секциясында дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 5 сынып оқушысы Исенова Айша, Павлодар қаласы №16 лицей-мектебінің 4 сынып оқушысы Тусупаева Айжан, «тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциясында Павлодар қаласы №39  орта мектебінің 4 сынып оқушысы Балашов Кирилл, Ақтоғай ауданы Қараоба орта мектебінің 5 сынып оқушылары Еркебаев Бислам мен Самат Камария, «физика және техника» секциясында Ертіс ауданы №4 орта мектебінің 7 сынып оқушылары Пятак Роман, Мамжанов Ринат, «медицина және психология» секциясында Павлодар қаласы №21 орта мектебінің 3 сынып оқушысы Сапарова Даяна иеленді.

ІІ орынға «қазақ тілі мен әдебиет» секциясында Екібастұз қаласы С.Торайғыров атындағы №22 гимназиясының 3 сынып оқушысы Сайпен Аян, «орыс тілі мен әдебиет» секциясы бойынша дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 6 және 4 сынып  оқушылары Сулейменова Альвина мен Сулейменова Адия, «медицина және психология» секциясы бойынша Екібастұз қаласы №25 қазақ қыздар гимназиясының 5 сынып оқушысы Муратова Шырайлым, «физика және техника» секциясында Павлодар қаласы №21 орта мектебінің 3 сынып оқушысы Захаров Богдан ие болды.

ІІІ орынға «орыс тілі мен әдебиеті», «қазақ тілі мен әдебиеті», «биология және химия» секцияларында дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 4 және 5 сынып оқушылары Глубокая Маргарита, Төлеубай Ұлжан, Лукин Кирилл, «математика және информатика» секциясы бойынша Ақсу қ. мамандандырылған гимназиясының 4 сынып оқушысы Жалешева Айым, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 6 сынып окушылары  Темирзинова Мерей мен Абай Диана ие болды.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру  оқу-әдістемелік орталығы

Триумфальная победа

В республиканском учебно-оздоровительном центре «Балдаурен» (г. Щучинск) 29–31 января 2018 года состоялся республиканский конкурс исследовательских работ и творческих проектов «Зерде» среди учащихся 1-7 классов.

В конкурсе приняли участие свыше 420 юных исследователей со всех уголков Казахстана. Павлодарскую область представили 19 учащихся, победители областного тура. Юные дарования Павлодара выступили с 15 проектами по математике, информатике, физике, технике, психологии, химии, биологии, экологии, литературе, языкознанию, истории, краеведению, этнокультуроведению.

По итогам конкурса команда Павлодарской области  стала обладателем 8-ми первых, 5-ти вторых, 6-ти третьих мест, показав 100%  качества выступления.

І место заняли: в секции  «валеология и экология» – Исенова Айша, учащаяся 5 класса гимназии №3 для одаренных детей, Тусупаева Айжан, учащаяся 4 класса школы-лицея №16 г. Павлодара, в секции «история, краеведение, этнокультуроведение» – Балашов Кирилл, учащийся 4 класса средней  школы №39 г. Павлодара, Еркебаев Бислам и Самат Камария, учащиеся 5 класса Караобинской средней школы Актогайского района, в секции «физика и техника» – Пятак Роман и Мамжанов Ринат, учащиеся средней щколы №4 Иртышского района, в секции «медицина и психология» – Сапарова Даяна, учащаяся 3 класса средней школы №21 г. Павлодара .

ІІ место: в секции «казахский язык и литература» – Сайпен Аян, учащийся 3 класса гимназии №22 имени С.Торайгырова г. Экибастуза, в секции «русский язык и литература» – Сулейменова Альвина и Сулейменова Аида, учащиеся 6 и 4 класса гимназии №3 для одаренных детей, в секции «медицина и психология» – Муратова Шырайлым, учащаяся 5 класса казахской женской гимназии №25 г.Экибастуза, в секции «физика и техника» – Захаров Богдан, учащийся 3 класса средней школы №21 г. Павлодара .

ІІІ место: в секциях «русский язык и литература», «казахский язык и литература», «биология и химия» – Глубокая Маргарита, Төлеубай Ұлжан, Лукин Кирилл, учащиеся 4 и 5 класса  гимназии №3 для одаренных детей, в секции «математика и информатика» – Жалешева Айым, учащаяся 4 класса специализированной гимназии г. Аксу, в секции «математика и информатика» – Темирзинова Мерей и Абай Диана, учащиеся 7 класса специализированной школы «Жас дарын».

Региональный учебно-методический центр дополнительного образования «Ертіс дарыны»

Добавить комментарий