Все новости

Жастарды деструктивті идеология әсерінен сақтау жолдары жайлы семинар өтті

Қазіргі уақытта мемлекетіміздің ішінде дінаралық өзара түсіністік және толлеранттылық қарым-қатынастардың сақталуының ерекше маңызды рөл атқаратыны белгілі. Елдің кемел келешегі үшін қоғамда бүлік тудыратын, ел арасына іріткі салатын экстремистік идеологиялардың мемлекет азаматтарының арасында таралуының алдын алу шараларын жүргізудің маңызы өте зор.

Осы негізде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Нұрлы Білім» ҚБ-нің өкілі, Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Сыздықов Рүстем Маликұлының қатысуымен «Жастарды деструкивті идеология әсерінен сақтау механизмдері» тақырыбында жас кураторларға екі күндік семинар өткізілді.

Кездесу барысында оқытушыларға діни экстремизм мен терроризм ұғымдарының мәні, деструктивті діни ағымдардың ұлттық тұтастыққа, мемлекеттің ішкі тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатері жайлы мәліметтер айтылды.

Сонымен қатар тыңдаушыларға қазақ халқының дәстүрлі діни танымының негіздері және оны сақтаудың маңыздылығы жайында кеңкөлемді ақпарат жеткізілді. Оқытушылар ислам дініне, Қазақстандағы дін мен мемлекет қатынастарына қатысты көкейлерінде жүрген сауалдарын теолог маманға қойып, тиісті жауаптарын алды. Екі күндік семинардан кейін, оқытушылар 60 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Тестілеудің нәтижелері оқытушылардың аталмыш семинарға жақсы деңгейде дайындалғанын көрсетті.

Жарқын Тусупбеков, ҚарМТУ-дың рухани-адамгершілік тәрбие бойынша кеңесі төрағасының орынбасары

 

Добавить комментарий