Все новости

Жаңаөзенде 2017 жылы экономикалық даму көрсеткіштері байқалды

Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Серік Аманғалиевтің қатысуымен өткен жиында тұрғындар алдында есеп беріп, 2017 жылы жасалған жұмыстар бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қортындылады.

2017 жылдың 1 желтоқсанына халық саны 147,7 мың адамды құрады.

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 155,5 млрд.теңге. Нақты көлем индексі 117,4 % немесе 17,4 %-ға артты.

2017 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 30,2 млрд.теңгені құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,1%-ға;

Құрылыс жұмыстарының көлемі 24,2 млрд.теңгені құрап, 2016 жылдың деңгейіне қарағанда 11,3%-ға;

Іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 109,4 мың шаршы метр, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1%-ға өсті.

Қала бойынша 8 113 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, 4 424 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық деңгейі – 1,6%. (2016ж. – 3,0%).

«Жаңаөзен қаласын әлеуметтік — экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде  2017 жылы бюджеттен 1,254 млрд.теңге игерілді. Оның ішінде өтпелі 3 жоба іске асырылды:

  1. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Арай» шағынауданындағы 320 орындық балабақша құрылысына – 127,6 млн.теңге жұмсалды. Нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
  2. «Жаңаөзен қаласындағы Еділ суын тәулігіне 30 мың текше метр ауыз су сапасына дейін дайындайтын су тазарту құрылыстарын салу» жобасына — 278,2 млн.теңге жұмсалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Аяқталу мерзімі – 2018 жылдың 1-жартыжылдығы;
  3. «Орталық қазандықты шағын ЖЭО-ға ауыстыра отырып, қайта жаңғырту және кеңейту жобасының» құрылысы толық аяқталып, нысан іске қосылды», — деді өз баяндамасында Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген 50 маманға (әр қайсысына 158,8 мың теңгеден) барлығы — 7,9 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы бөлінді. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген  12 маманға тұрғын үй сатып алуға (әр кайсысына 3,4 млн.теңгеден) барлығы 40,8 млн.теңге көлемінде бюджеттік кредит берілді.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Жаңаөзен қаласының «Рауан», «Рахат», «Арай» шағынаудандарында  900 орындық мектептердің құрылысына 2017 жылға 1 950,0 млн.теңге жұмсалды, 2018 жылға 2 472,4 млн.теңге бөлінді, құрылыс жұмыстары жалғасуда. Нысандардың аяқталу мерзімі 2018 жылдың тамыз айы.

Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында өндірістік аймақтан жалпы аумағы 30,0 гектар жер телімі бөлініп, 16,2 шақырым инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде   «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы барлығы 13 адамға 70,5 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді.

Қала жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына — 10,6 млн.теңге жұмсалды. Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, отандық электро-автобустарды өндіруші «Хайгер Квазар» жауапкершілі шектеулі серіктестігімен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың қаңтар айында қалаға 1 бір электро-автобус жеткізіліп, қалған көліктерді жеткізу мамыр айына дейін жоспарлануда.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Categories: Все новости

Добавить комментарий