Все новости

Талапкерлер бірегей SPT олимпиадасында бақ сынайтын болады (екі тілде)

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдаудағы  «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағытын жүзеге асыру мақсатында Сулейман Демирел университеті жыл сайын бірегей SPT олимпиадасын өткізіп келеді.

SDU Proficiency Test (SPT) —  бұл ағымдағы жылдың мектеп және колледж түлектеріне арналған СДУ-дың ішкі олимпиадасы. Олимпиаданың негізгі мақсаты — талапкерлерге болашақ мамандығын таңдауға көмектесу және түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы қолдау көрсету. Олимпиадада әрбір оқушы өз таңдаған бағыты бойынша  білімін көрсете отырып, СДУ-дың  ішкі грантына немесе жеңілдігіне ие бола алады.

Статистикалық мәлімет бойынша олимпиадаға 2015 жылы 1000 оқушы, 2016  жылы —  3900, ал 2017 жылы – 7000 талапкер қатысып, іс-шараның маңыздылығы артып келеді.

Биылғы жылы олимпиада 4-наурызда бір уақытта еліміздің 19 қаласында: Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Жезқазған, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Семей, Өскемен, Маңғыстауда өтеді. Ауқымды іс-шараға биыл еліміздің түкпір-түкпірінен 10 000-ға жуық талапкер қатысады деп күтілуде. Үздік нәтиже көрсеткен 300 талапкер 4 жылға жарамды 100% грант пен арнайы жеңілдіктерге ие болады.

Ал, оқу орнының SPT жобасына бөлінген  ішкі грантының қоры  260 млн теңгені құрайды.

Қазіргі таңда университеттің ресми сайтында байқауға тіркелу басталып кетті. Өтініштер саны бойынша Алматы қаласының мектеп бітіруші түлектері көш бастап тұрса, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларының білім ошақтарының түлектері де зор қызығушылық танытуда.

Олимпиадаға тіркелу ресми сайттың http://sdu.edu.kz/kk/spt/ бөлімінде онлайн түрде қолжетімді. Байқау ережелері мен талаптары айқын көрсетіліп, тіркелу рәсімі ашық форматта жүргізіледі. Тіркелген талапкерлер автоматты түрде электрондық пошта арқылы жеке  ID CARD-қа ие болып, бұл құжат олимпиаға қатысуына кепілдік береді.  

Олимпиада тестілеу форматында 6 кластерде: Физика, География, Химия-Биология, Ағылшын тілі, Әдебиет, Тарих пәндері бойынша өтеді. Тестілеу сұрақты белді зияткерлік мектептердің ұстаздарымен құрастырылып, қоғамдық кеңесте мақұлданады.

Оқу орны сарапшыларының анализіне сәйкес қазіргі уақытта аймақтар аралығында ең көп сұраныс физика-математикалық кластерге, яғни IT-мамандықтарына,   екінші орында шет тілі болса, үшінші орында химия-биология кластерлеріне таңдау басым.

Сонымен қатар, осы көрсеткіштер негізенде сапапшылар алдағы 5-10 жыл ішінде IT- технологиялары саласында, шет тілінің кәсіби мамандары және ағылшын тілінде дәріс беретін педагогикалық  мамандықтар кеңінен таралады деген болжам жасауда.

Байқаудың мақсаты мен ережелерін кеңінен насихаттау барысында 2017 жылдың күз айларында университеттің оқытушылары еліміздің түкпір-түкпірінен 16000 талапкермен жүздесіп, 200-ден аса мектепті аралап, 50 000 дана ақпараттық материал таратқан.

Бүгінгі таңда SPT олимпиадасы ең ауқымды әрі жоғары сұранысқа ие, Елбасының қойған заманауи бағыттарына сай жоба болып табылады.           

                                                        

                                                                   

Олимпиада SPT пройдет для казахстанских выпускников школ

В целях реализации послания Главы государства «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» и седьмого приоритетанаправленного на модернизацию качества человеческого капитала, университет имени Сулеймана Демиреля проводит уникальную интеллектуальную Олимпиаду SPT.

SDU Proficiency Test (SPT) — это уникальная внутренняя олимпиада для выпускников школ и колледжей текущего года, направленная на оказание помощи выпускникам в определении будущей профессии. Согласно статистике предыдущих лет в 2015 году в олимпиаде приняли участие 1000 абитуриентов, в 2016 году – 3900, в 2017 году -7000 абитуриентов, что показывает значимость мероприятия.

В этом году олимпиада состоится 4 марта в единое время в  19 городах страны: Астана, Алматы, Шымкент, Кызылорда, Талдыкорган, Тараз, Туркестан, Жезказган, Актау, Атырау, Актюбинск, Уральск, Павлодар, Петропавловск, Костанай, Кокшетау, Семей, Усть-Каменогорск, Мангистау. В мероприятии ожидается участие около 10 000 абитуриентов. Призеры и первые 300 участников, показавшие наилучшие результаты, получат 100% внутренние гранты СДУ и скидки на 4 года обучения. Бюджетный фонд внутренних грантов СДУ, выделяемых на  SPT составляет 260 млн тенге.

Отметим, что в настоящее время на официальном сайте учебного заведения стартавала онлайн регистрация. По количеству заявок лидируют учащиеся школ Алматы, на втором месте ученики  образовательных учреждений Шымкента и на третьем месте — школьники  из городов Кызылорда и Тараз.

Регистрация на олимпиаду проходит в онлайн режиме на сайте СДУ  в разделе http://sdu.edu.kz/ru/spt/, где прописаны все правила и положения. Весь процесс регистрации и формирования базы заявок полностью автоматизирован, что показывает абсолютную прозрачность процедуры.  Зарегистрированные лица автоматически получают индивидуальный ID CARD на электронные адреса, что подтверждает их участие в конкурсе.

Олимпиада проводится в формате тестирования по 6 кластерам, а именно: Физика, География, Химия-Биология, Английский язык, Литература, История. При этом вопросы к тестовикам готовятся ведущими преподавателями интеллектуальных школ и утверждаются на общественном совете.

 

Согласно анализу экспертов учебного заведения, на  сегодняшний день в разрезе регионов страны отмечается самый большой спрос на Физико-математический кластер, что показывает значительный  интерес учащихся к IT-специальностям,  на втором месте — кластер иностранных языков, на третьем месте  — химико-биологический кластер.

Вместе с тем на  основе этих показателей  эксперты   прогнозируют, что  в ближайшие 5-10 лет будут популярны специальности в сфере ИТ-технологий, иностранных языков и педагогических специальностей с английским языком преподавания.

В целях продвижения и популяризации проекта с сентября 2017 года профессорско-преподавательским составом университета проведена масштабная профориентационная работа по всем регионам страны, в рамках которой  посещено свыше 200 школ, проведены встречи с более 16000 детьми, розданы 50 000 экземпляров промо-материалов с разъяснительной информацией об олимпиаде.

Таким образом, олимпиада SPT на сегодняшний день является масштабной и востребованной площадкой среди молодого поколения, отвечающая тенденциям современного образования, обозначенным Елбасы.

 

 

Categories: Все новости

Добавить комментарий