Все новости

Жол картасына байланысты жиын

Алматыда Астана және Алматы қаласы Білім басқармаларының Аймақтық ғылыми-тәжірибелік дене тәрбиесі орталықтарының директорларының қатысуымен «Орта білім беру ұйымдарында дене тәрбиесін жетілдіру және спорттық инфрақұрылымды кезең-кезеңмен қамтамасыз ету «Жол картасы» іс-шараларының атқарылу барысы» бойынша ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен үлкен жиын өтті.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Садық Мұстафаевтің төрағалығымен өткен бұл жиналысқа ҰҒПДТО қызметкерлері, республикалық қала мен облыстық Білім басқармаларының «Аймақтық ғылыми-тәжірибелік дене тәрбиесі орталықтарының директорлары мен әдіскерлері, облыстық Білім басқармасының әдістемелік кабинет директорлары қатысты. Осы жиын барысында төмендегідей мәселелер күн тәртібінде тұрды:

 

 

 

 

1. Мектептерде шахмат үйірмелерін элективтік курсқа енгізу бойынша ҚР шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенконың баяндамасы.

2. Мектептердегі заманауи спорттық инфрақұрылым және стандартты спорттық жабдықтарының жағдайын таңдамалы зерттеу жұмыстарын талқылау
Инновациялық талдау және ақпараттық статистика қызметі зертханасының аға әдіскері Бақытгүл Алғабайдың баяндамасы.

3. Мектеп пен колледж оқушылары арасындағы IX жазғы Спартакиада ережесін талқылау
Спорттық шараларды өткізу зертханасының жетекшісі Б.Рамазановтың баяндамасы.

4. 2017-2018 оқу жылындағы «Ұлттық мектеп лигасының» 1-кезеңдегі мектепішілік өткізілген іс-шаралардың мәселелері
Спорттық шараларды өткізу зертханасының аға әдіскері Омарова Жұлдыз Қуанышқызының баяндамасы.

5. 1-4 сыныптардағы дене тәрбиесінің әр үшінші сағатында «Футбол сабағын» сынақтан өткізу іс-шаралар мәселесі
Ғылыми-әдістемелік, дәрігерлік-биологиялық қамтамасыз ету дене шынықтыру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру зертханасының аға әдіскері Раушан Тоқайдың баяндамасы.

6. Президенттік тест сынамаларының өзгерістер мен толықтырулары туралы
Ғылыми-әдістемелік, дәрігерлік-биологиялық қамтамасыз ету дене шынықтыру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру зертханасының аға әдіскері Раушан Тоқайдың баяндамасы.

7. «Дене тәрбиесінің жаршысы» ғылыми-практикалық журналын жаңғырту мәселесі
Халықаралық және қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау зертханасының баспасөз хатшысы Достанов Құлтастың баяндамасы.

8. Дене шынықтыру мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мәселесі
Ғылыми-әдістемелік, дәрігерлік-биологиялық қамтамасыз ету дене шынықтыру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру зертханасының жетекшісі Меруерт Тұяқбаеваның баяндамасы.

 

Сонымен қатар, «Үздік дене шынықтыру мұғалімі» республикалық байқауын ұйымдастыру, дене шынықтыру мұғалімдері арасындағы Президенттік тест немесе Спартакиада өткізу туралы мәселелер қарастырылды. Жиын барысында алма-кезек сөз алған әр облыстың өкілдері бүгінгі таңда мектеп пен колледж оқушылары арасында дене тәрбиесін дамытуға кедергі келтіріп отырған өзекті проблемаларды алға тартып, сол мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Осы отырыста бірқатар өңірлерде жекелеген спорт түрлері дамыту үшін мамандар мен қажетті залдардың жетіспеушілігі, спорттық құрал-жабдықтардың кемдігі жайында көп әңгіме болды. Дәне тәрбиесі пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру туралы да түрлі пікірлер айтылды.

 

Categories: Все новости

Добавить комментарий