Все новости

Талғар  қаласында  Футбол сабағы өтті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен «Орта білім беру ұйымдарының 1-4 сыныптарында дене тәрбиесінің әр үшінші сағатта «Футбол сабағы» Алматы облысында 7 аудан, 3 қаладан пилоттық жобаға 30 мектеп енгізілген еді.

Жақында Талғар қаласындағы И.Ф.Халипов атындағы № 1 орта мектепте  «Футбол сабағы»  өтті. Оған ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ғылыми-әдістемелік, дәрігерлік-биологиялық қамтамасыз ету, дене шынықтыру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру зертханасының аға әдіскері Р.Тоқай,  И.Ф.Халипов атындағы № 1 орта мектеп директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты З.Мушрапилова , осы мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Т.Шарипов пен О.Жексеновалар қатысты.

 

Мектеп дене шынықтыру пәні мұғалімдері 1-4 сынып оқушыларына футболдан оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізді. Екі сағатқа созылған «Футбол сабағында» оқушылар доп тебудің қыр-сырын үйренді.

Қ.Достанов

 

Categories: Все новости

Добавить комментарий