Все новости

Адам капиталының жаңа сапасы

Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өткен болатын. Міне, енді,  бұл кітап облыс, аудан, тіпті ауылдарға таныстырылып, жұртшылықты қуантуда

Егемен елдің қалыптасу кезеңін төрт бөлімге топ­тастырған. Атап айтқанда, «Мемле­кетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар)», «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар)», «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар)», «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010 жылдар)» деп әр кезеңнің тарихи сәттерін жеке сараптаған. Осы аталған әр бөлім бірнеше бөлімге тармақталып, ғасырлық оқиғалар жеке-жеке тал­данған. «Та­рихи әділеттілік салтанаты», «Тұғыры берік мем­лекеттік құрылым», «Басты құндылығы­мыз – бейбітшілікті қастерлей білдік», «Жаңалықтың жылы лебі және қайта түлеген дәстүр», «Сырт­қы саясат: тыңға түрен салғандай…», «Қияға көз тіккен Қазақстан барысы», «Баянды болсын Бас қала!», «Саяси тұрақтылықтың жемісі», «Тәуелсіздік рухымызды шыңдады», «Біз әлемдік дағ­дарыс сынағына төтеп бердік», «Бұрын-соңды болмаған зияткерлік өрлеу» секілді тәуелсіздікті нығайту жылдары­ның жарқын шақтары сипатталған.

Дөңгелек үстелге жиналған мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы «Тәуелсіздік дәуірі» кітабындағы тарих, келешек ұрпақ үшін жасалған әрбір бастаманы кеңінен талқылады. «Адам капиталының жаңа сапасын арттырудың бірден-бір тетігі – білім-ғылымды меңгеру. Сол арқылы Елбасы айтқандай, жаңашыл адамды тәрбиелей аламыз» деп атап өтті мектеп директоры Бақыт Тұлымшақова.

Елбасы Жолда­уын­дағы әлеуметтiк-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты. Эконо­миканы ны­ғайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа мiндеттердің бар­лығы – адами капиталды дамытудың ал­ғы­шарты. Адами капиталды дамытудың қоз­ғаушы күші – білім, ғылым, жаңа технологияны мең­геріп, ел мүддесіне тиімді пайдалана білу. Жол­дау­дағы адам капиталының жаңа сапасы – бә­секеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін нақты қадам.

Назира Жиенбаева, С.Сейфуллин атындағы орта мектебі директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.

 

 

Categories: Все новости

Добавить комментарий