Все новости

Жаңа шыңдарға жеңіспен алға! (екі тілде)

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев биылғы жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындады. «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады. Осы міндетті орындау негізінде біздің мектептің 7-сынып оқушылары Пятак Роман мен Мамжанов Ринат «Ақылды жылыжай» құрастырып, ғылыми жобалар сайысына қатысты. Метепішілік, аудандық, облыстық байқауларынан суырылып жеңімпаз атанып Бурабайдың бауырында Щучинск қаласында 27-31 қаңтарда өткізілген Республикалық кезеңге қатысып жоғары ұпаймен бағаланып, 1 орын иегерлері атанды. Жеңімпаздарымызды қолдау негізінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдай отырып, мектеп оқушылар арасында шаңғы марафоны откізілді. Мектепте салтанатты жиында оқушылар мемлекеттік әнұранды орындағаннан соң, жеңімпаздарымызға, ата-аналарына және жобаны дайындауға жетекшілік еткен технология пәнінің мұғалімі Қанат Ағбайұлы Сматаевқа мектеп әкімшілігінің атынан сыйлықтар беріліп, алғыс хаттар табысталды. Оқушыларымыздың әжелері Н.Б. Шумкова және  М.М. Мамжаноға мектеп әкімшілігі мен ұжымға өз ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта әрдайым биік жетістіктерге жетуін тіледі. Сонымен қатар Республикалық кезеңге еліміздің түпкір-түпкірінен келген қонақтар Ертіс ауылының бар екенін және Елбасымыздың жолдауын орындап жатқанына көздері жеткенін  мақтанышпен айтты. Оқушыларымыз алдағы уақытта әліде коптеген сайыстарға қатысып, басқа да іске асырарлық жобалар бар екенін атап өтті.

Жаңа белестерге тек қана жеңіспен АЛҒА!

 

Вперед с победой к новым вершинам!

В ежегодном Послании народу Казахстана Глава государства сказал в заявлении: «Умные города» станут локомотивами регионального развития, распространения инноваций и повышения качества жизни на всей территории страны. Следуя одной из поставленных Президентом задач, учащиеся Иртышской СОШ №4, 7 «б» класса Пятак Роман и Мамжанов Ринат приняли участие и стали победителями областного этапа конкурса научно – исследовательских работ «Зерде» в секции «Техника» с проектом «Умная теплица» под руководством преподавателя трудового обучения Сматаева К.А.

В период с 27 января по 29 января 2018 года в городе Щучинск состоялся Республиканский этап конкурса, в котором Роман и Ринат приняли участие, защитив свой научный проект «Умная теплица» и стали абсолютными победителями. В рамках реализации программы «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру»  и в поддержку  наших победителей был организован лыжный марафон для учащихся старших классов. На линейке в торжественной обстановке  от имени школы были вручены благодарственные письма и памятные подарки . От имени родителей выступили Шумкова Н.Б.  и Мамжанова М.М. со словами благодарности администрации школы и пожеланиями дальнейших успехов в жизни школы.

Актан Узакбаевич Сураганов

 

 

Categories: Все новости

Добавить комментарий