Все новости

Су жүйесін жүргізу жұмыстары іске асырылуда (екі тілде)

Форт-Шевченко қаласы және Баутин ауылы бойынша 100 % су жүйесін жүргізу жұмыстары іске асырылуда

Бүгін Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауов тұрғындар алдында есеп берді. Жиынға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекмұрат Жүсіпов қатысты.

Қолданысқа енгізілген тұрғын үй жалпы алаңының көлемі- 45,3 мың шаршы метр, нақты көлем индексі- 102,2%. Құрылыс жұмыстарының көлемі — 16437,6 млн. теңге болды, нақты көлем индексі- 92,9%. Орташа еңбекақы көлемі- 181306,0 теңге /өсім 9,8%/ құрады.

Аудан бюджетінің 2017 жылға нақтыланған кіріс жоспары 6 129 858,2 мың теңге, орындалысы 100,4 %.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Форт-Шевченко қаласында және Баутин ауылында су құбырын және кәріз жүргізу, түзету, Форт-Шевченко қаласындағы жеке тұрғын үйлерге жүргізілетін су құбыры және су қабылдағыш ұңғымасынан су құбырының жоғарғы станциясының алаңына дейін су таратқыш» жұмыс жобасы қорғалып, 2017-2018 жылдары іске асыру үшін 1434,5 млн. теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Бұрынғы қолданыстағы су желісіне тұрғын үйлердің 45% қамтылған болса, осы жобамен 100% жеткізу жоспарланып отыр.

Ауыл  шаруашылығы саласының нақты көлем индексі мал шаруашылығында-102,7%, егін шаруашылығында-123,8% көрсетті. Аудан бойынша барлығы 157 шаруа қожалығы тіркелген. 2017 жылы 37 шаруа қожалығымен 276,97 га жерге егін егілді, бұл көрсеткіш алдыңғы жылдан 76,7 га артық.  30 шаруа қожалығына 50% жеңілдікпен 94,1 тонна тыңайтқыш алуға 3,2 млн. теңге субсидия төленді.

«Агробизнес-2020» бағдарламасы  аясында  жайылымдық жерлерді  суландыру  бағыты бойынша  су көзіне сұраныс беруші мал шаруашылығы субъектісінің осы мақсатқа жұмсаған шығындарының 80%-ы субсидия түрінде өтеледі. Аталмыш бағдарлама аясында 2017 жылы 17 ұңғыма қазылды.

Шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 2017 жылы 8 %-ға өсіп, 1 781 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1745 болып, 10,7 % -ға артты.

Аудан бойынша 2017 жылы барлығы  4024  жаңа жұмыс орындары құрылып, өткен жылмен салыстырғанда 31,4%-ға  өсті (2016 жылы-3063).

Аз қамтылған тұрғындарды әлеуметтік қолдау мақсатында 7 отбасының  36 аз қамтылған тұрғынына   аудандық бюджет арқылы 593,7 мың. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек, 18-жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға ай сайынғы балалар жәрдемақысымен 67 отбасының  226 баласы қамтылып, оларға –2066,4 мың. теңге  төленді.

«2017 жылы Ақшұқыр ауылынан 140 орынды, Сайын Шапағатов ауылынан 75 орынды және Таушық ауылынан 100 орынды жеке балабақшалар өз жұмыстарын бастады. Сонымен қатар, бекітілген мектепке дейінгі біліммен қамту аудандық қадамдық жоспарға сәйкес, жеке қаражатқа Таушық ауылынан 100 орынды балабақша, Ақшұқыр және  Сайын Шапағатов ауылдарынан 140 орындық 2 балабақша құрылысын мемлекеттік- жекешілік әріптестік арқылы іске асыру жоспарда бар. Үш ауысымның алдын алу  мақсатында  Сайын Шапағатов ауылы бойынша 600 орынды  мектеп құрылысы басталды, биыл пайдалануға беріледі. Осындай жоба Ақшұқыр ауылы бойынша да жасақталып, қаржыландыруға ұсынылды», — деді Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауов.

Ауданда 2017 жылы – 1027 нәресте дүниеге келген /1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 35,0 промиль/. Бала өлімі көрсеткішінде  4 /4,0 промильді құрады. Ана өлімі тіркелген жоқ.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша   2017 жылы 53 маман 8,4 млн. теңге көлемінде біржолғы  көтерме жәрдемақы (70 АЕК) алса,  10 маманға баспана сатып алу үшін 34,0 млн. теңге несие берілді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

В Форт-Шевченко и Баутино ведутся работы по 100%  обеспечению системой водоснабжения

Сегодня прошла отчетная встреча акима Тупкараганского района Темирбека Асауова. В заседании принял участие заместитель акима Мангистауской области Бекмурат Жусупов.

По состоянию на 1 декабря 2017 года в районе проживает 29141 человек. В прошлом году в районе было добыто 4375,2 тыс. тонн сырой нефти. Объем промышленной продукции составил 521 383,1 млн. (рост на 18,4%), индекс промышленного производства — 98,7% (рост 2,8%). Валовый выпуск продукции сельского хозяйства — 1759,8 млн. тенге, индекс объема — 107,0%. Инвестиции в основной капитал — 44853,3 млн., индекс физического объема составил 92,7%.

Общая площадь сданного в эксплуатацию жилья составляет 45,3 тыс. кв. м. Объем строительных работ — 16437,6 млн. Индекс физического объема — 92,9%. Средняя зарплата в Тупкараганском районе — 181306 тенге.

Утвержденный бюджет района на 2017 год, составивший  по доходам  6 129 858,2 тыс. тенге, освоен на 100,4%.

Индекс физического объема сельскохозяйственной продукции животноводства составил 102,7%, растениеводства — 123,8%. Всего в районе зарегистрировано 157 фермерских хозяйств. 30 хозяйствам было выделено 3,2 млн. тенге субсидий для покупки с 50% скидкой 94,1 тонны удобрений.

В рамках программы «Агробизнес-2020» субсидируется 80% расходов на орошение пастбищных земель. Согласно этой же программе, в 2017 году было пробурено 17 скважин для воды. Также в Форт-Шевченко и Баутино ведутся работы по 100%  обеспечению системой водоснабжения.

Количество субъектов малого и среднего бизнеса в 2017 году увеличилось на 8% и составило 1 781 единиц. Количество действующих предприятий увеличилось на 10,7%, достигнув 1745.

В 2017 году в районе было создано 4024 новых рабочих мест, что на 31,4% больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. В целях социальной поддержки малообеспеченного населения района 36 человек из 7 семей получили из районного бюджета помощь в размере 593,7 тыс. тенге. Также 226 детей из 67 семей с детьми в возрасте до 18 лет получили пособия в размере 2066,4 тыс. тенге.

«В 2017 году открылись частные детские сады в селе Акшукур на 140 мест, в селе Саин Шапагатов на 75 мест и на 100 мест в селе Таушык. Кроме того,  на частные средства будет построен детский сад на 100 мест в селе Таушык, а также в рамках государственно-частного партнерства запланировано строительство двух детских садов для 140 детей в селах Акшукур и Саин Шапагатов. Для ликвидации трехсменного обучения, идет строительство школы на 600 мест в селе Саин Шапагатов. В этом году она будет сдана в эксплуатацию. Такой же проект разработан и для села Акшукур», — рассказал в своем выступлении аким Тупкараганского района Темирбек Асауов.

По программе «С дипломом в аул» 53 молодым специалистам были выделены единовременные пособия на сумму 8,4 млн. тенге. Еще 10 человек получили кредиты для приобретения жилья на сумму 34,0 млн. тенге.

Пресс-служба акима Мангистауской области

 

Categories: Все новости

Добавить комментарий