Все новости

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы – номинация жеңімпазы

Алматы қаласы Қазақ Спорт және Туризм академиясы мен Республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Жыл үздіктері-2017» номинациясының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Жиынды Қазақ Спорт және Туризм академиясының проректоры М.Есқалиев құттықтау сөзімен ашты.

Марапаттауларды Қазақ спорт журналистикасының дарабозы Н.Жүнісбаев, ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Бас директоры С.Мұстафаев, Олимпиада чемпионы Е.Ибраимов, бокстан екі дүркін әлем чемпионы Н.Қызайбай, ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы А.Әшімов және өнер жұлдыздары жүргізді.

Марапатталғандардың арасында үздік облыс басқармасы, үздік спортшы мен бапкер, үздік федерациялар және басқа да қазақ спортының дамуына үлес қосып жүрген азаматтар болды.

«Жылдың үздік бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырушысы-2017» номинациясы бойынша ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы (директоры С.Мұстафаев) жеңімпаз атанды.

 

Categories: Все новости

Tagged as:

Добавить комментарий